Түркіменстанда ресейлік сайттар бір тәулікке бұғатталды

15 шілдеде Түрікменстанда ресейлік ТАСС, РИА Новости, ИноСМИ және РБК сайты бұғатталып, бір тәуліктен кейін қалпына келтірілді. Бұл туралы Радио Азатлык сайты хабарлады.

Радио Азатлык мәліметінше, 15 шілдеде Ашхабадта VPN желісі түнімен дұрыс жұмыс істемей, таңғы 10-да қосылған. Екі күн бұрын қолжетімді болған көптеген сайт бұғатталған.

Радио Азатлык дерегінше, ресейлік сайттар — Түркіменстадағы жалғыз шетелдік медиа. Бұған дейін билік қазақ және қырғыз ақпарат сайттарын бұғаттаған соң шетелдік медиалар шектетілген.

Бұдан бөлек, VPN жүйесі жұмыс істемегендіктен, шетелдік банк сайттары мен төлем жүйесі, Microsoft Store сайты және App Store дүкенінен қосымшалар мен музыка жүктеу функциялары қолжетімсіз болған.

Turkmen.news хабарынша, 14 шілдеде америкалық Cloudflare сервисі бұғатталды. Ал оның көмегімен елдегі сайттардың 70%-i жұмыс істейтін.

Контекст

  • Түрікменстан билігі интернетті жиі бұғаттайды. Елде бірнеше әлеуметтік желіге, Youtube видеохостиңіне және батыстың барлық дерлік ақпараттық порталына кіруге тыйым салынған. Редакциялары шетелден жұмыс істейтін «Хроника Туркменистана» және «Turkmen.news» тәуелсіз басылымдарының сайттары да бұғатталған.
  • Оған қоса, Түркіменстан билігі азаматтардың VPN қолданғаны үшін азаматтарды тергеуге шақыртып, айыппұл төлетеді.
  • Түркіменстан жыл сайын халықаралық сөз бостандығы индекстерінде соңғы орындарды алады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz