Қытай цензорлары жасанды интеллектті қолдануды үйренді

Қытайда 1989 жылы маусымның 4-і Пекинде Тяньаньмень алаңында болған қантөгіс оқиғасы мерейтойы жақындап келеді. MediaMedia телеграм каналында жазылғандай бұл оқиғаға жергілікті цензорлар дайындалып жатыр. Дайындық барысында цензорлар жоғары технологияларды өз мақсатында  қолдануды үйренді деп хабарлады Reuters. 

Осыдан отыз жыл бұрын студенттердің наразылық білдіру барысында әртүрлі дерек бойынша 342 бастап(Пекин ресми мәліметі) 7000 адамға дейін(NATO барлау қызметінің дерегі) қаза тапқан. Демонстрациядан кейін наразылардың көбі тұтқындалғандықтан және кейіннен атылғандықтан, қайтыс болғандардың нақты саны бүгінгі күнге дейін белгісіз. 

Қытай билігі заманауи техгологиялардың көмегіне жүгініп, мерейтойға белсенді түрде дайындалуда. Жасанды интеллект мәтінді, фотоны және аудиожазбаларды анықтауды үйренді. Анықтау дәлдігі өте жоғары.

Компанияның екі қызметкерінің мәлімдеуінше контентті бақылау Тяньаньмэнь оқиғасымен және Тайван мен Тибет мәселелеріне байланысты жоғары деңгейде автоматтандырылған. 

Beijing Bytedance Co Ltd жүйені әзірлеуші компанияның өкілі жасанды интеллекттің қызметін скальпельдің жұмысымен теңеді. Оның қасында адамның еңбегі қанжардың соққысы деп салыстырды.

Қазір жасанды интеллект 5 -10 мың аралығында “қауіпті” жазбаларды өшіріп отыр. Өшірілген материалдың көбі порнография және қылмыспен байланысты жазбалар.

.

Factcheck.kz