Intel дипфейкті анықтайтын технология ойлап тапты

Intel компаниясы дипфейкті анықтайтын технологияны жасады. Олар құрылғыны FakeCatcher деп атады. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

FakeCatcher қан ағымының түстерінің өзгеруіне байланысты шынайы адам мен жасанды интеллект жасаған дипфейкті ажырата алады. Бұл ақпаратты модель бетіндегі нүктелерден алуға болады. Бағдарлама алынған деректерді машиналық оқыту арқылы өңдейді. Әзірлеушілердің айтуынша, FakeCatcher-дің дәлдігі — 96%.

Контекст

Sensity зерттеушілер тобы пайдаланушылардың жеке басын растауға арналған биометрия тестін дипфейк технологиясы арқылы айналып өтуге болатынын анықтаған. Зерттеушілер банк пен криптовалюта биржаларының биометрия тестін жасанды интеллект арқылы өткен.

Factcheck.kz