Зерттеу: дипфейк биометриялық тестті айналып өтуі мүмкін

Sensity зерттеушілер тобы пайдаланушылардың жеке басын растауға арналған биометриялық тестті дипфейк технологиясы арқылы айналып өтуге болатынын анықтады. Бұл туралы киберқауіпсіздікпен айналысатын Sensity компаниясының сайтында хабарланды.

Зерттеушілер банк пен криптовалюта биржаларының биометриялық тестін жасанды интеллект арқылы өткен. Есепте банк клиенттерінің жеке басын растап, тексеретін Know Your Customer (KYC) сервисінің дипфейк шабуылдарға осал екені жазылған.

Зерттеушілердің сөзінше, KYC қызметін қолданатын негізгі жеткізушілердің 10-нан 9-ы дипфейк шабуылдарға әлсіз.

Есеп авторларының айтуынша, дипфейк қоғамға қауіп төндіріп тұр.

Контекст

  • KYC қызметі деп аталатын тексеру процесі пайдаланушылардан жеке басын, олардың бет-әлпетін растайтын фотоны сұрайды. Содан кейін дәл сол сәтте қайтадан суретке түсіріп, жіберілген суретпен сәйкестендіреді.
  • Былтыр БАӘ-де қылмыскерлер жасанды интеллект технологиясын көмегімен, фейк дауыс қолданып, банктен 35 миллион доллар тоналғаны анықталған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz