HRW Қазақстан билігінен Мамайды босатуға шақырды

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Нұр-Сұлтанды тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі, белсенді Жанболат Мамайға қарсы қылмыстық істі тоқтатуға және оны қамаудан босатуға шақырды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда адам құқығы бірінші орында деген мәлімдемесінен бір күн өткенде билік бейбіт митингіге шығу құқығын пайдаланған оппозиция лидеріне негізсіз қылмыстық айып тақты. Жанболат Мамайға қозғалған қылмыстық мүлде негізсіз, Қазақстан билігі оны қамаудан шұғыл босатуы тиіс.

HRW ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсон.

Жанболат Мамай 25 ақпаннан бері қамауда отыр. Бастапқыда Қаңтар құрбандарын еске алу жиынына қатысқаны үшін “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деген айыппен 15 күнге қамалды, кейін “билік өкілін қорлау” және “жалған ақпарат тарату” баптары бойынша күдікті ретінде тергеу изоляторына қамалды.

Оның жақтастары тағылған айыптың саяси астары барын айтады. Бұған дейін де халықаралық Freedom House ұйымы Қазақстан билігін саясаткер Жанболат Мамайды босатуға шақырған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz