Жанболат Мамай изолятордан үйқамаққа ауыстырылды

2 қарашада тіркелмеген демократиялық партияның жетекшісі, оппозиция саясаткері Жанболат Мамай тергеу изоляторынан үйқамаққа шықты. Бұл туралы “Азаттық Радиосы” хабарлады.

Азаттықтың хабарлауынша, сот оның бұлтартпас шарасын өзгерткен. Қарауылдар белсендіні көлікпен үйіне апарған. Мамайға қозғалған қылмыстық іс бойынша алғашқы сот 7 қараша №2 Бостандық аудандық сотында өтеді.

Жанболат Мамай қаңтар құрбандарын еске алу жиынына қатысқаны үшін ұсталған. Алғашқыда белсенді 15 күн әкімшілік қамауда болған, кейін оны тергеу изоляторына ауыстырған. Саясаткер “жалған ақпарат тарату”, “билік өкілін қорлау” және “жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру” баптары бойынша айыпталған. Бірақ кейін “жаппай тәртіпсіздік” бойынша тағылған айып “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабына өзгертілген.

Алайда Мамай тәртіпсіздікке еш қатысы жоқ екенін айтқан.

Айта кетейік, 1 қараша Британия парламенті мүшелері Жанболат Мамай ісі негізінде қаңтар оқиғасында және одан кейін адам құқығының бұзылуына қатысты хабарларды тексеруге кіріскенін мәлімдеді. Олар Қазақстаннан комиссия мүшелеріне Мамаймен кездесуге көмектесуін сұрады.

Factcheck.kz