Freedom House Мамайды босатуға шақырды

Халықаралық Freedom House ұйымы Қазақстан билігін саясаткер Жанболат Мамайды босатуға шақырды. Бұл туралы Kaztag.kz сайты хабарлады.

Freedom House Жанболат Мамайға қаңтар айында бейбіт наразылық акциясына шыққаны үшін жаңа айып тағылғанына алаңдайды. Бұл Қазақстан үкіметінің елдегі адам құқықығын құрметтейтін “Жаңа Қазақстанға” деген адалдығына күмән келтіреді. 8 маусымда Жанболат Мамай қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін оған қарсы “жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру” және “жалған ақпарат тарату” айыптарын жоққа шығаратын мәлімдеме жасады.

Freedom House

Сонымен қатар, Freedom House Мамайға тағылған барлық айыпты алып тастауға шақырды.

Мамай кінәлі деп танылған жағдайда өз құқықығын пайдаланғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Freedom House Мамайды босатуға (егер ол әлі қамауда болса) және одан айыпты алып тастауға шақырады..

Freedom House мәлімдемесі

Қазақстанда ресми тіркелмеген «Демократиялық партияның» жетекшісі Жанболат Мамайға «Алматыдағы қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» және «төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты» деген екі айып тағылған.

Мамайдың сөзінше, тергеушілер қаңтардың 4-і күні «Алматы Арена» спорт кешені алаңында өткен бейбіт шеруді жаппай тәртіпсіздік деп бағалаған. Бұған қоса, оппозиционерді «шерушілерді Республика алаңына дейін баруға шақырды» деп айыптаған.

Бұған дейін халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстан билігін оппозиция белсендісі Жанболат Мамайды босатып, тағылған айыптарды алып тастауға шақырды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz