Дербес деректердің тарап кетуіне байланысты министр не дейді?

Интернетте Қазақстан азаматтарының дербес деректерінің тарап кетуіне байланысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев фейсбук парақшасында пікір білдірді.

“Бүгін желіден азаматтардың жеке деректерін Интернетте тарату туралы ақпаратты көрдім. Өте маңызды мәселе. Дерек көзі мен тарату себептерін анықтауды тапсырдым. Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта бұл мәселемен айналысуда. <…> Осымен бірге, жеке деректерді қорғауда тиісті шаралар қолданбағаны үшін жүктелетін жауапкершілікті қатайту керек. Мұндай шаралар қазір әлем бойынша қабылдануда” – дейді министр мырза. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық 11 миллион азаматтың дербес деректері Интернетте тарап кеткен еді. Мәліметтердің таралғанын Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығының (ЦАРКА) мамандары анықтап, ресми Telegram-каналдарында хабарлаған.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz