Деректер баршаға: 11 миллион қазақстандық туралы мәліметтер қолжетімді болған

Қазақстандық 11 миллион азаматтың мәліметтері Интернетте қолжетімді болған. Дербес деректердің таралып кетуін Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығының (ЦАРКА) мамандары анықтап, бұл туралы ресми Telegram-каналдарында хабарлады.

«11 миллион адам, яғни елдің кәмелет жасқа толған барлық азаматтары туралы толық мәліметтер базасы Интернетте қолжетімді орналасқан. Кез-келген адам жүйеге оңай кіріп, егер қажет деп тапса өзіне локалды түрде жүктеп ала алған», – делінген ЦАРКА таратқан хабарламада.

Ашық қолжетімділікте болған азаматтардың бірі туралы мәліметтің скриншоты таралған, онда аты-жөні, ЖСН, нақты мекенжайы мен паспорт нөмірі көрсетілген.

Деректер баршаға: 11 миллион қазақстандық туралы мәліметтер қолжетімді болған
©ЦАРКА

«Базадағы мәліметтер жаңа және жарты жыл бұрын жаңартылған. Ақпараттардың ашық қолжетімділікте қанша уақыттан бері тұрғаны әзірге белгісіз, бірақ онда бар мәлімет Google және Yandex сынды іздеу жүйелерінде индекстеліп үлгерді. Мәліметтердің таралып кету себебі анықталуда», – делінген Орталық таратқан хабарламада.

ЦАРКА мәлімдемесіне сенсек, ақпарат тиісті мемлекеттік мекемелерге жіберілген, ал қазір база жабық.

Сәуір айында сарапшылар 540 миллион Facebook қолданушысының жазбаларын Amazon-ның бұлтты серверлерінен тапқан. Зерттеушілердің мәлімдемесінен кейін ақпарат жойылды.

Factcheck.kz