Бейбарыстың анасы оған қысым көрсеткенін мәлімдеді

Белсенді Бейбарыс Толымбековтың анасы Ләззат Толымбек Vласть сайтына берген сұхбатында үйіне әскери комитеттен адамдар келгенін айтты. Ал жақында олар тұратын үйінің қабырғасына белгісіз біреулер иттің нәжісін жағып кетіпті.   

Ләззат Толымбек сұхбатында  «белсенділер бізге қысым көрсетілетінін ескерткен еді, сондықтан таңқалмадым. Таңертен жұмысқа шығып бара жатқанымда есік пен оның тұтқасында нәжіс жағылған екен. Қабырғада да. Мен жұмысқа асыққандықтан суретке түсіруді ойламаппын. Алайда, әлі де іздері бар» деп болған жағдайды мәлімдеді.  

Көршілерінің айтуы бойынша оқиға болған алған күні белсендінің үйіне қарай бет алған белгісіз адамдардың қолында пакет бар еді.

Оның үстіне, Бейбарыстың анасы белсендінің кассациялық шағым түсіргеніне және әкімшілік тұтқындауына, денсаулығына байланысты шағымына қарамастан әскери комитеттеің қызметкерлері  қоңырау шалып, қысым көрсеткенін де айтты. 

Мамырдың 6-сы түрмеден босатылғаннан кейін Бейбарыс Толымбековты әскерге шақыртылғандарды жинау орнына алып кетті. Әскери комиссариат өкілі мен полиция қызметкері келіп алып кеткен кезде Бейбарыс пен Әсия Тулесовамен Vласть сайтына  сұхбат беріп отырған еді.  

Жинау орнында Бейбарыс түсініктеме жазды. Түсініктемеде:

«Мен әскерге барғым келмейді. Акцияға дейін тіпті жинау орнына да бардым, бірақ мені бір күнге босатты. Сол күні акцияны ұйымдастырдық. Мен әскерге бармаймын. Бармайтыным жайлы өтініш жазамы. Мен Отан алдында парызымда басқаша өтегім келеді, әскерге қарағанда осы жерде көп нәрсе істей аламын»

Бір апта өтсе де Толымбеков түсініктемесіне қатысты ресми жауап ала алмады. Оған және оның отбасына хабарлауынша бұл сұрақты “жоғарғы орган” қарастыру керек. Бүгінде бір топ белсенділер, заңгерлер бұл мәселені реттеуге тырысуда.

Factcheck.kz сайты да Бейбарыспен осы сауалдарға қатысты сұхбат алған еді. Назарларыңызға қайта ұсынғанды жөн көрдік.

Factcheck.kz