Белсенді Бейбарыс Толымбековке әскерден шақырту келді

Әкімшілік қамаудан кеше шыққан белсенді Бейбарыс Толымбековты әскерге шақыртылғандарды жинау орнына алып кетті. Vlast.kz сайтының хабарлауынша Бейбарысты Әсия Тулесовамен бірге сұхбат беретін кезде әскери комиссариат өкілі мен полиция қызметкері келіп алып кетті. Толымбеков «қазір мені Сейфуллин даңғылында орналасқан жинау орнына алып бара жатыр»  деді. Әскери комиссариат өкілдері мен полиция қызметкерлері бұдан бұрын да Толымбековтың үйіне келген еді. Бейбарысты үйінде таппаған соң, Әсия Тулесоваға барды. Қамаудан босатылғаннан кейін, жинау орнына барғанға дейін Толымбеков Holanews сайтына осыған дейін әскерге өз еркімен барғысы келгенін, бірақ қазір ол ойынан айнығанын айтты. 

«Мен әскерге барғым келмейді. Акцияға дейін тіпті жинау орнына да бардым, бірақ мені бір күнге босатты. Сол күні акцияны ұйымдастырдық. Мен әскерге бармаймын. Бармайтыным жайлы өтініш жазамы. Мен Отан алдында парызымда басқаша өтегім келеді, әскерге қарағанда осы жерде көп нәрсе істей аламын» 

Контекст

Алматыдағы марафон кезінде Асия Тулесова, Айгүл Нұрболатова, Сүйінбике Сүлейменова және Бейбарыс Толымбеков «От правды не убежишь», «#У меня есть выбор» деген жазулары бар плакаттарды алып шықты. Кейіннен полиция оларды ұстап әкетті. Әкімшілік істер бойынша мамандырылған ауданаралық сот бұл істі түнге дейін қарастырды. Сот әкімшілік құқық бұзушылық коддекстің 488 баптың  3 тармағына сәйкес белсенділер Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке дейін қамауға алды

Келесі күні Айгүл Нұрболатов, Айдос Нұрболатов пен Сүйінбике Сүлейменоваға сот айыппұл салды. Сәуірдің 29-ы суретші Роман Захаров ұсатлды. Ол «Әл-Фараби — Достық» көшелерінің қиылысында Конституциядан үзінді келтірген баннерді ілді. Сол күні сот Романды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке дейін бас бостандығынан айырды. Артынша аудандық прокуратураның шешімімен айыппұл салынды. 

Factcheck.kz