Әзірбайжандық әйелдер Франция елшілігі алдына протеске шықты

Әзірбайжандық әйелдер мен жасөспірімдер Бакудегі Франция елшілігі алдына наразылыққа шықты. Белсенділердің протеске шығуына Франция парламентінде Әзірбайжанға қарсы санкциялар талқылануы мүмкін екені себеп болған. Бұл туралы Эхо Кавказа хабарлады.

Кей француз депутаты мен саясаткері Әзірбайжан әскері 2020 жылғы қарулы қақтығыс кезінде армян халқына қарсы әскери қылмыс жасады дейді. Сонымен бірге олар Бакуге қарсы халықаралық қылмыстық сотта “жаппай қылмыс пен әскери қылмыстар” жасады деген айыппен тергеу бастағысы келеді. Оған қоса олар Еуроодақты Әзірбайжаннан газ бен мұнай импортына тыйым салуға, Әзірбайжан әскерінің Қарабақ аумағынан шығарылуын талап етуге және Армения әскеріне қару-жарақ жеткізуді бастауға шақырды. Тиісті қарар Сенаттың сайтында жарияланды.

Жиналғандардың айтуынша, олардың мақсаты өткен аптаның ортасында Франция Сенатына жолданған петицияны қолдау болды. Протеске қатысушылар 2020 жылы қарабақ қақтығысында Гянджа қаласын атқылау кезінде қаза тапқан балалардың суреттерін ұстап шыққан.

Петиция авторы Гянджа қаласының тумасы Кубра Алекперова да Сенат пен Франция халқын қақтығыс аймағынан алыс тұратын бейбіт әзірбайжан тұрғындарының арасындағы құрбандарға назар аударуға шақырды.

Белсенділер мен петиция авторларының пікірінше, Франция армян-әзірбайжан қақтығысына қатысты біржақты көзқарастан арылуға, салмақты позиция ұстануға тиіс. Сонымен бірге құжатта келіссөздерге мүмкіндік беру, Әзірбайжанға қарсы айыптау мен санкциялар жасамау мәселелері де қарастырылған.

Factcheck.kz