Тағы бір адам Франция президентін шапалақпен ұрды ма?

Әлеуметтік желіде ер адамның Франция президенті Эммануэль Макронды шапалақпен ұрған видеосы тарады. Көбі бұл видео 2022 жылғы қарашада түсірілген деп болжады. Алайда Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері бейненің ескі екенін анықтады.

2022 жылғы 20 қарашада жарияланған Twitter-де: “Шұғыл (жаңалық): Макрон қоғам өкілінің бірінен тағы бір шапалақ жеді”,-деп жазылған. Испан, хорват, поляк, грек тілдеріндегі басқа жазбалар соққыны басқа ракурстан көрсеткен.

Тағы бір адам Франция президентін шапалақпен ұрды ма?
Видео скриншоты

Алайда бұл видео биыл түсірілмеген.

Осыған дейін медиада жарияланған ақпараттарды іздей келе, Эммануэль Макронды 2021 жылғы 8 маусымда Францияның оңтүстік-шығысындағы шағын қалаға барған кезде ер адам шапалақпен ұрған.

Макрон Тейн-ль’Эрмитаж қаласында қоршаудың сыртында оны күтіп тұрған көпшілікпен амандасып жатқанда бір адам: “Montjoie! Saint Denis! (француз әскерлерінің ұрыс кезіндегі ескі ұраны – ред.) Макрон, кет!“,-деп айқайлап, президентті шапалақпен ұрған.

AFP агенттігі басқа ракурстан түсірілген видеоларда да дәл осы оқиға бейнеленгенін растады.

Бірінші видеода BFMTV француз телеарнасының белгісі көрсетілген. Оған қоса бұл роликті компанияның ресми YouTube арнасынан табуға болады.

Сонымен қатар шапалақ ұрған ер адамның барлық видеода киімі бірдей (мұнда және мұнда).

Оның үстіне әлемдік медиада да кейінгі кезде әлдекімнің Франция президентін ұрғаны туралы сөз болған жоқ.

Өткен жылғы 10 маусымда президентті ұрған 28 жастағы Дэмьен Тарел 18 айға (оның ішінде 14 айға шартты түрде) бас бостандығынан айырылды.

Factcheck.kz