Франция президенті Мбаппені құшақтап, жылады ма?

Желіде Франция президенті Эммануэль Макронның Катарда өткен әлем чемпионатының финалында футболшы Килиан Мбаппені құшақтап жылап тұрған суреті тарады. Reuters фактчекерлері кадрдың шынайылығына күмән келтіріп, оны тексеріп көрді.

Фотоны Facebook-тен және Twitter-ден көруге болады.

Франция президенті Мбаппені құшақтап, жылады ма?
Желіде тараған сурет

Алайда фактчекерлер суреттің өңделгенін анықтады.

Түпнұсқа кадрларды мына телерепортаждан көруге болады (4:46:17). Reuters фотографтары да дәл сол сәтті басқа ракурстардан түсіріп алған. Ондағы суретте Макронның бет әлпеті тараған фотодағыдан мүлдем басқаша.

Контекст

Әлеуметтік желіде Катарда украиналық жанкүйерлер әлем чемпионатының бойтұмарының суретіне нацистік граффити салғаны үшін қамауға алынғаны туралы видео тарады. Фактчекерлер ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Factcheck.kz