Нетаньяху Израильде Al Jazeera қызметіне уақытша тыйым салатын құқыққа ие болды

1 сәуірде Израиль парламенті – Кнессет “ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін” шетел медиасының хабар таратқанына тыйым салатын заң қабылдауға қатысты дауыс берді. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Басылымның мәліметі бойынша, Кнессеттің 70 депутаты заңды қолдаған, ал 10 адам қарсы дауыс берді. Нәтижесінде премьер-министр Биньямин Нетаньяху Қатар арнасының хабар таратуына уақытша тыйым салуға және Израильдегі Al Jazeera бюросын жабуға бұйрық беру құқына ие болды.

Reuters агенттігінің ақпараты бойынша, енді үкімет басшысы мен ішкі қауіпсіздік кабинеті БАҚ жұмысын 45 күнге тоқтата алады.

Al Jazeera-ның Израильдегі бас кеңсесі де, Дохадағы Қатар үкіметі де бұл мәселе жөнінде пікір білдірмеді.

Factcheck.kz