“Әділ сөз” қорының басшысы ауысты

Белгілі қазақстандық журналист Тамара Калеева «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті қызметінен кетті. Оның орнына медиакритик Қарлығаш Жаманқұлова тағайындалды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Калеева 1999 жылы «Әділ сөз» қорын құрып, сол уақыттан бері басқарып келді.

Бәрі орындалды! «Әділ сөзде» ширек уақытқа жуық қызмет атқардым – енді боспын! Енді шағымдарды емес, өлең оқимын, барлық жағынан көңіл көтеремін, серуендеймін. Сөз бостандығына қатысты бар үміт пен талап енді «Әділ сөз» ұйымының жаңа президенті Қарлығаш Жаманқұловада. Жаңа Қазақстанға сәт сапар!

Тамара Калеева

Жаңа басшы Жаманқұлова медиакритик ретінде танымал, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің аймақтық медиа-кеңесшісі болған. Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметін басқарған, шетелде бірқатар халықаралық ұйымда жұмыс істеген. Оған қоса ол — Қазақстанның Жастар ақпарат қызметінің (MISK) негізін қалаушы.

Factcheck.kz