Adidas Канье Уэстпен серіктестігін тоқтатты

Adidas компаниясы антисемиттік мәлімдемелер жасаған америкалық рэпер Канье Уэстпен іскерлік байланысын тоқтатты. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Бұған дейін Adidas компаниясына тиесілі Yeezy бренді Париждегі сән апталығында музыкант “White Lives Matter” (Ақтардың өмірі маңызды) деген жазуы бар жейдені киіп шыққаны үшін және бірнеше күннен кейін Twitter-де антисемиттік мәлімдеме жасағаны үшін серіктестігін тоқтатқан.

Adidas Уэстің өнімдері сатылымнан бірден алынатынын хабарлады.

Сонымен бірге бұған дейін олар Уэстпен серіктестік компания тарихындағы ең сәтті жұмыстың бірі болғанын айтты. Adidas рэпермен байланысты үзгеннен кейін 2022 жылы 250 миллион доллар жоғалтатынын мойындап отыр. Ал Уэстің өзі бұрын Adidas-ты “зияткерлік меншігімді ұрлады” деп айыптаған (оның бұл айыптаулары кейін Instagram-нан өшірілген).

Adidas антисемитизмге не өшпенділіктің кез келген басқа түріне жол бермейді. Кейінгі мәлімдемелері мен әрекеттері дұрыс емес, олар жек көрініш сезіміне толы әрі қауіпті. Олар инклюзия, өзара құрмет және әділдік сияқты біздің компания қолдайтын құндылықтарға қайшы келеді.

Adidas компаниясының ресми мәлімдемесі

Компанияның сөзінше, Уэстпен іскерлік қарым-қатынасты тоқтатуға “White Lives Matter” жазуы бар коллекциясы себеп болмаған. Рэпер Adidas-ты “зияткерлік меншігімді ұрлады” деп бірнеше рет айыптаған соң, компания арадағы кикілжіңді шешу үшін онымен серіктестікті бұзуды жөн көрген.

Музыканттың антисемиттік мәлімдемелерінен кейін тек Adidas компаниясы емес, сонымен қатар JP Morgan банкі, Gap киім компаниясы, Balenciaga сән үйі серіктестікті тоқтатуды құп көрді. Ал Instagram және Twitter желілері рэпердің парақшасын уақытша бұғаттады.

MRC телекомпаниясы рэпер туралы жақында түсірілген деректі фильмді эфирге шығармайтыны мәлімдеді.

Factcheck.kz