Маск “мысқылдап” жауап беретін чат-бот ойлап тапты

Илон Маск xAI компаниясының жаңа өнімі — Grok чат-боты туралы айтты. Бұл өнімнің OpenAI GPT, Google PaLM сияқты басқа тіл үлгілерінен ерекшелігі — Х желісіндегі деректерге ие бола алатынында. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Маск Х желісінде Grok-тың мүмкіндіктерін қолданушымен диалог құру арқылы көрсетті. Сөйлесу кезінде қолданушы чат-боттан кокаинды қалай өндіру керек деп сұраған. Ал Grok оған “қант, сода, су көп қолдан” деп жалған рецепт берді. Маск бұл өнімі осылай “мысқылдап” жауап беретінін атап өтті.

Масктың айтуынша, Grok — нарықтағы ең үздік әрі тиімді үлгінің бірі. Қазір чат-ботты тек кәсіпкердің өзі қосылуға мүмкіндік берген бірең-саран адам қолдана алады. Бірақ болжам бойынша, оны Х желісінде қолданатындар көбеюі мүмкін. Оған қоса барлық Х Premium+ қолданушысы пайдалана алатын хАІ тіл үлгісін жасау жоспарланып отыр.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz