Қазақстанда әрбір оныншы бала аз қамтылған отбасында өсіп жатыр ма?

Ақпанның 2-де өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Динара Зәкиева балалар мәселесін көтеріп, бірнеше дерек келтірген. Factcheck.kz депутат қаншалықты рас сөйлеп, неден жаңылғанын тексерді.

Депутаттың айтқаны (тайм-код: 1:59:46)

Мәлідеме: Бүгінде кем дегенде 625 мың, яғни әрбір оныншы бала аз қамтылған отбасыда тұрады.

Динара Зәкиева

Үкім: Шындық

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сай, 624,9 мың бала мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алады. Депутат осыны меңзесе керек. 2021 жылдың басында 18 жасқа дейін 6 295 590 бала болса, оның әрбір 10-ы аз қамтылған отбасыдан деу қисынға келеді.

Алайда атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсырмаған адам саны, яғни аз қамтылған отбасы көрсеткіші бұдан да көп болуы ықтимал.

Мәлімдеме: Бүгінде 1 миллион 145 мың отбасы дағдарыстық жағдайда, 12 мың бала қиыншылық бойынша есепте тұрған отбасыларда [тәрбиеленіп жатыр – авт.].

Динара Зәкиева

Үкім: Дәлелденбеген және шындыққа жақын

Несі дәлелденбеді: Депутат “дағдарыстық жағдайда” деп нақты нені меңзегені бізге беймәлім, сондықтан мәлімдемені үкімсіз қалдырдық. Алайда статистика бюросының ақпаратына сай, есепте тұрған әлеуметтік қорғалмаған / тұрмысы қолайсыз / қиын жағдайдағы отбасы саны, 2020 жылға ақпаратқа сай, 7 210 (2021 жылғы дерек сәуірде жарияланады).

Несі шындыққа жақын: Ал Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, жағдайы нашар отбасыларда 11 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сай, 2022 жылғы 1 қаңтарда 198,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған.

Мәлімдеме: Өткен жылы күніне орта есеппен балаларға қатысты 6 қылмыс жасалды.

Динара Зәкиева

Үкім: Шындыққа жақын

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпаратына сай, 2021 жылы кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты барлығы 2 088 құқық бұзушылық ісі тірклеген, яғни күніне 5,7 қылмыс.

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz