42 500 теңге үшінші рет берілмейді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем үшінші рет берілмейтінін хабарлады.

Бұл шаралар жарияланған төтенше жағдайға байланысты болды. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, сондықтан оны төлеуге ешқандай заңнамалық негізі жоқ. Азаматтар өз ұйымдарында жұмысын жалғастыруы тиіс. ТЖ режимін ағымдағы жағдаймен байланыстыруға ешқандай негіз жоқ

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов

Factcheck.kz