ДДСҰ: Мүгедектігі бар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа көбірек назар аудару керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мүгедектігі бар әйелдер мен егде жастағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа көбірек назар аудару керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы халықаралық ұйым екі аналитикалық шолуында хабарлады.

Олардың мәліметі бойынша, қазір егде жастағы әйелдер мен мүгедектігі бар әйелдерге көп зорлық-зомбылық жасалып жатыр. Ұйым елдерді мұндай әйелдердің жағдайын ескеруге, сондай-ақ олардың нақты қажетін зерттеуге және шешуге көмектесетін неғұрлым ақпараттандырылған зерттеу әдістерін енгізуге шақырды.

Ұйым бұл категорияға жататын әйелдер көбіне сексуал зорлық-зомбылық көретінін айтады. Дегенмен бұл проблемаға қатысты дәлел аз. Сол себепті ДДСҰ бірнеше шара ұсынды. Олар осы тақырыптағы сауалнамаға қатысатын азаматшалардың жас шектеуін ұлғайту керек екенін және олардан зорлық-зомбылыққа, мүгедектігіне қатысты нақты, ауқымды сұрақтар қою керек екенін айтты.

Factcheck.kz