Тоқаев ЖИ-дің құны туралы қаншалықты рас айтты?

12 сәуірде өткен ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, жасанды интелект туралы да айта кетті. Factcheck.kz оның айтқаны қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Жасанды интеллектіні дамытудың перспективасы зор. Кейбір бағалаулар бойынша жасанды интеллект 2030 жылға қарай әлемдік ЖІӨ-нің 7 пайызын қамтамасыз етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

АҚШ-та орналасқан The Goldman Sachs Group инвестициялық банкінің 2023 жылғы болжамынIа расымен жасанды интеллектінің дамуы алдғы 10 жылда әлемдік жалпы ішкі өнімнің 7%-ке (немесе 7 триллион АҚШ доллары), ал жұмыстың өнімділігі 1,5%-тік тармаққа өсуі мүмкін.

Компанияның жазуынша, жасанды интеллектінің дамуы жаһандық экономикадағы түбегейлі өзгерістерге әкеледі. Тілді өңдеудегі жетістіктерді пайдаланатын құралдар бизнес пен қоғамға дендеп енген сайын, бұл жаһандық ЖІӨ-нің өсуіне әсер етеді.

Авторлардың сөзінше, генеративті жасанды интеллектінің шама-шарқының әлеуетіне қатысты айқын еместігіне қарамастан, оның адам шығарған өнімнен көп ерекшеленбейтін контент жасау және адамдар мен машиналар арасындағы байланыс кедергілерін бұзу мүмкіндігі айтарлықтай макроэкономикалық әсерді білдіреді.

Дегенмен, Халықаралық валюта қорының сайтында жарияланған мақала авторлары ЖИ потенциалына қатысты «технооптимизмге» күмәнмен қарайды. Олардың сөзінше, мұндай экономикалық өсімге деген сенім «өнімділік тізбегіне» сүйенеді: технологиялық өзгерістер, соның ішінде автоматтандыру таза жалақының өсуіне және жалпы әл-ауқаттың артуына әкеледі деген терең сенім.

Алайда, дейді авторлар, мұндай оптимизмге тарихи дәлел жоқ. Әсіресе жасанды интеллектінің бақылаусыз даму тенденциясы кезінде осы секілді сенімдер оғаш көрінеді.

Мәлімдеме: Ал 2027 жылға қарай жаһандық жасанды интеллект нарығының капитализациясы 400 миллиард доллардан асады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

MarketsandMarkets ұйымының жазуынша, жаһандық жасанды интеллект нарығы 2022 жылы шамамен 87 миллиард долларға бағаланып, 2027 жылдың соңына қарай 407 миллиард долларға жетеді деп күтіліп отыр.

Мәлімдеме: Жасанды интеллектіні реттеу мәселесі бүгінде ұлттық және жаһандық деңгейде жиі талқыланады. Мысалы, жақында Еуроодақта (Artificial Intelligence Act) тиісті заң қабылданды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

Еуроодақ жасанды интеллектіні реттейтін заң енгізбекші екені рас. 13 наурызда Страсбургте жиналған Еуропарламент депутаттары заңды мақұлдаған.

Парламент сайтындағы жазбаға сенсек, жоба негізгі құқықтарды, демократияны, заң үстемдігін және экологиялық тұрақтылықты бірқатар тәуекелі бар жасанды интеллектен қорғауға, сонымен бірге инновацияны дамытуға бағытталған.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz