Польшада Зеленскийдің өмірбаяны сұраныстың жоғынан өте арзанға сатылып жатыр ма?

Желіде «Zełenski. Biografia» деген поляк тіліндегі кітаптың өте арзанға сатылып жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Тараған фотода кітаптар бейнеленген және онда екі жеңілдік бағасы көрсетілген: 42,99 злотыйдан 25,99-ға дейін, кейін 25,99 злотыйдан 4,99 злотыйға дейін түскен, яғни басылым алғашқы құнынан он есеге арзандаған. 4,99 поляк злотыйы — 548 теңге.

“Сөз жоқ”, – делінген 19 маусымда жарияланған Twitter-дегі жазбада.

Польшада Зеленскийдің өмірбаяны сұраныстың жоғынан өте арзанға сатылып жатыр ма?

1 наурызда бұл суретті журналист әрі жазушы Олег Лурье өзінің Telegram арнасында бөлісті. Ол: “Еуропаның кітап қоймалары “Zelenski” кітабы — Киев сайқымазағының өмірбаянымен толып қалды. Еш жерде, тіпті Польшада бірде-бір адам саяси есалаңның шедеврін сатып алған жоқ. Тіпті “Zelenski” кітабының бағасы он есе төмендесе де, ештеңе өзгермеді. Зеленскийді ешкім сатып алмады“, – деп жазды. Оның жазбасын Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Олег Матвейчев Livejournal-ға қайталап жазды.

Factcheck.kz Еуропа сөрелерінде тұрған Зеленский өмірбаяны шынымен үлкен жеңілдікпен сатылып-сатылмағанын тексеріп көрді.

Бұл қандай кітап?

“Зеленский. Өмірбаян” кітабы 2022 жылғы мамырда жарық көрді. Бұл туралы Kurier Poranny басылымының материалында айтылған.

“Рогацин Зеленскийдің бала кезін, отбасын және жасөспірім кезіндегі достық қарым-қатынасын баяндайды. Оған Украинаның болашақ президентінің түп-тамыры еврей болғаны мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасуына қаншалық әсер еткені қызық болды. Сонымен бірге автор Зеленский президент атанғанға дейін онымен кездесуге мүмкіндігі болған адамдарға сөз берді”, – делінген taniaksiazka.pl сайтындағы кітаптың сипаттамасында.

Войцех Рогацин — Polska Times газетінің бас редакторы. Оған қоса ол Gazeta Wyborcza басылымының шетел бөлімімен және апта сайын шығатын Newsweek Polska басылымымен серіктес болған.

Кітап он есеге арзандаған ба?

Кітаптың фотосы алғаш 2023 жылғы қаңтардың соңында және ақпанның басында тарай бастады. Мысалы, 2 ақпанда Анатолий Шарий оны Twitter-іне жариялаған.

Польшада Зеленскийдің өмірбаяны сұраныстың жоғынан өте арзанға сатылып жатыр ма?

Ал 21 қаңтарда сурет krstarica.com форумына шыққан. Алайда фотоның алғашқы дереккөзін таба алмадық.

Бір қызығы, екі суретте де екінші жеңілдік көрсетілмеген. Оған қоса Forensically суреттерді талдау қызметі арқылы 25,99 злотый — шынайы жеңілдік, 4,99 злотый — фейк деген қорытындыға келдік.

Польшада Зеленскийдің өмірбаяны сұраныстың жоғынан өте арзанға сатылып жатыр ма?

Үкім: Фейк

4,99 деген баға графика редакторы арқылы өңделген.

Оған қоса біз өңделген тағы бір фотоны таптық. Онда мүлдем басқа баға көрсетілген.

Польшада Зеленскийдің өмірбаяны сұраныстың жоғынан өте арзанға сатылып жатыр ма?

Кейін біз 42,99 злотыйдан 25,99 злотыйға дейінгі жеңілдіктің қаншалық шын екенін тексердік. Ол үшін екі поляк кітап дүкенінің сайтына кіріп көрдік. Taniaksiazka.pl сайтында «Zełenski. Biografia» кітабы жеңілдікпен 26,17 злотыйға сатылып жатыр (оған қоса кәдімгі, жеңілдіксіз бағасы жазылған: 42,99 злотый, сонда жеңілдік 39%). 

Польшада Зеленскийдің өмірбаяны сұраныстың жоғынан өте арзанға сатылып жатыр ма?

Swiatksiazki.pl (архив) сайтында кітап 25,58 злотыйға сатылып жатыр (баспа ұсынған баға — 42,99 злотый, жеңілдік шамамен 40%). 

Польшада Зеленскийдің өмірбаяны сұраныстың жоғынан өте арзанға сатылып жатыр ма?

Ағымдағы бағалар түпнұсқа суреттегі кітаптың құнына сәйкес келеді. Бұл “фотода көрсетілген баға шын болуы мүмкін” деген мәлімдемеге қосымша дәлел.

Кітапқа сұраныс жоқ па?

Біз қолданушының “Зеленскийдің кітабын ешкім сатып алып жатқан жоқ” деген мәлімдемесін тексеруді жөн көрдік. Себебі бұл мәлімдеме еңбектің бас кейіпкеріне деген негативке және жеңілдік туралы фейк дерекке байланысты тараған болуы мүмкін. Дегенмен шын бағасы жазылған, өңделмеген кітап фотосының сипаттамасында да кітапқа сұраныстың жоқ екені айтылған.

Үкім: Манипуляция

Зеленскийдің өмірбаяны жөніндегі еңбектің он есеге арзандағаны туралы ақпарат расталмады.

Бізді екі мәселе қызықтырды. Біріншісі: бағасының 42,99 злотыйдан 25,99 злотыйға дейін түсуі кітапқа деген сұраныстың азайғанын білдіре ме? Екіншісі: бағасына қарамастан, кітаптың аудиторияға қызық болғанын дәлелдейтін қандай белгілер бар?

Алайда кітап бірнеше сайтта үлкен жеңілдікпен көптеп сатылып жатыр (12).

Польшада Зеленскийдің өмірбаяны сұраныстың жоғынан өте арзанға сатылып жатыр ма?

Айтпақшы, кейбір сайтта бестселлер болып саналатын поляк тіліндегі “Вова, Володя, Владимир. Путиншіл Ресейдің құпиялары” деген Путин туралы кітап та жеңілдікпен сатылып жатыр (12).

Ал Украина президенті Зеленскийдің өмірбаяны 2022 жылдың жаз-күзінде бестеселлер тізіміне енген. Бұл туралы Czytamwszedzie.pl және Empik сайттарында жазылған.

Польшада Зеленскийдің өмірбаяны сұраныстың жоғынан өте арзанға сатылып жатыр ма?

2023 жылы кітапқа сұраныс қандай? Бұған қатысты ашық дереккөздерден нақты мәлімет таба алмадық. Алайда жеңілдікпен сатылып жатқан кітаптың фотосын таратқан және оған сұраныстың жоқ екенін жазған автор да ешбір дәлел көрсетпегенін атап өткен жөн. Осылайша, фактчекерлер “кітаптың жеңілдікпен сатылуы мен оған деген сұраныстың бар-жоғын байланыстыру негізсіз” деген қорытындыға келді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz