Полицияның Грета Тунбергті ұстауы қойылым ба?

Германияның батысындағы Люцерат ауылы маңында өткен наразылық акциясы кезінде полицияның экобелсенді Грета Тунбергті ұстағаны туралы жаңалық бүкіл әлемді шарлады. Көп ұзамай әлеуметтік желіде бұл “медиа немесе полиция ұйымдастырған қойылым” деген хабарлама тарады.

Reuters Fact Check ақпаратты тексерді.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Тунберг басқа белсенділермен бірге Солтүстік Рейн-Вестфалия федерал штатында ауылдың көшірілуіне және көмір шахтасының кеңеюіне қарсы демонстрацияға шыққан кезде қысқа мерзімге ұсталған. Ахен қаласының полиция өкілі агенттікке: “Грета Тунберг жартасқа қарай жүгірген белсенділер тобының құрамында болды. Алайда кейін біз оны тоқтатып, олардың жеке басын анықтау үшін басқалармен бірге қауіпті жерден тысқарыға апардық”.

Ал желіде тараған мәлімдемеде оқиғаны медиа сахналағаны жазылған. (мұнда, мұнда). Бірақ Reuters агенттігінің өзі, DPA және Bild баспасөз агенттігі оқиға орнынан Тунбергтің ұсталғаны жөнінде ақпаратты жариялады.

Reuters агенттігі жаңалықты қолдан жасамағанын айтты.

Бізде сахналау, тіпті басқа ұйымның суретін, видеосын пайдалануға қатысты қатаң саясатымыз бар. “Thomson Reuters сенім принциптері” талабына сай, нақты және сенімді жаңалықтарды ұсынуға тырысамыз.

Reuters агенттігі

Оқиға орнында болған DPA басылымының фотографы тараған мәлімдеге қатысты тікелей түсініктеме бермеді, дегенмен сол күнгі оқиға тізбегін айтты. Оның сөзінше, Тунберг және басқа демонстранттар шахта маңындағы “рұқсат етілген маршруттан асып кетті“, сол себепті полиция оларды қоршап, ұстап әкетті.

Bild неміс ақпарат агенттігінің тілшісі де оқиға орнында болған. Майкл Энгельберг Reuters агенттігіне осы жағдайға қатысты өзінің материалын жіберді.

Кей хабарламада бұл қойылымды полиция ұйымдастырғаны айтылған. Алайда Ахен қаласының полиция өкілі Reuters Fact Check агенттігіне полицияның ешқандай қойылым жасамағанын, олардың Тунбергтің “статистері” емес екенін мәлімдеді.

Ал Тунбергтің өкілі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Factcheck.kz