Экобелсенді Тунбергтің үйінде таза былғарыдан жасалған орындықтың бары рас па?

Қырғызстандық Factcheck.kg редакциясынан оқырманы экобелсенді Грета Тунбергке қатысты фотоны тексеруді сұрады. Онда экобелсенді анасымен бірге дизайнерлік қымбат орындықта отыр. Оған қоса суреттен таза былғарыдан жасалған тағы бір орындықты байқауға болады. Адамдардың фотоға жазған пікірлеріне қарағанда, бұл орындықтар бағасы — 8 300 және 9 600 еуро.

Фактчекерлер фотоны түпнұсқалығына, ондағы орындықтардың неден жасалғанына және бағасына қатысты ақпаратты тексеріп көрді.

Экобелсенді Тунбергтің үйінде таза былғарыдан жасалған орындықтың бары рас па?
әлеуметтік желідегі фото

Тунберг және оның ата-анасы — вегетариандар. Олар көпшілікті сән-салтанат пен тұтынушылықтан бас тартуға шақырады. Экобелсендіге қатысты бұл фото 2019 жылы қоғамда қызу талқыланып, резонанс тудырды.

Тунбергтің жақтастарының бір бөлігі суретті біреу “қасақана” өңделгенін айтты. Енді бірі суреттегі орындықтың таза былғарыдан екеніне күмәнданады. Олар белсенді орындықты e-bay-дан алуы немесе бұған дейін қолданылған тауарды сатып алуы мүмкін екенін алға тартты.

Сонымен қатар адамдар суреттің түсірілген уақытына да мән берді. Тунберг пен анасы 2018 жылы сәуірде үйінде тұрған орындақта отырып, фотоға түскен деседі. Бір қызығы, 2018 жылғы тамызда Грета Skolstrejk för Klimate жазуы бар тақтайшамен швед парламенті алдына наразылыққа шығып, көпшілікке танымал болды. Сәйкесінше, ол “климаттық” қаражатқа былғарыдан жасалған орындықты сатып алуы мүмкін емес.

Алайда фото шынайы, онда Грета Тунберг пен оның анасы, әйгілі швед опера әншісі Малена Эрнман бейнеленген.

Фактчекерлер фотоның 2018 жылы емес, 2019 жылғы тамызда Dailymail.co.uk басылымы жарияланғанын анықтады. Бірақ суретте сәйкессіздік бар: сипаттамада Грета 15-те делінген, бірақ 2019 жылы ол 16 жаста болған.

Суретке қарап, ондағы орындықтың таза былғарыдан жасалып-жасалмағанын анықтау қиын. Дегенмен Stylight неміс басылымы нарықтағы ассортиментті зерттеп, өндіріс сапасын, шынайы орындықтар мен көшірмелерінің бағасын салыстырды.

Грета мен оның анасы отырған Арне Джейкобсен орындығының бағасы — 5 000-7 000 еуро. Көшірмені 600 еуроға сатып алуға болады. Десе де фактчекерлер дизайнына қарап, түпнұсқа мен көшірмені ажыратуға тырысты. Грета отырған орындықта тігіс аз және тегіс. Бұл орындықтың көшірме емес екенін көрсетеді.

Фактчекерлер Грета мен оның анасының артында тұрған екінші орындықтың құнын да анықтады. Қазір Германиядан келген Vitra’s Eames Lounge Chair and Ottoman орындығын жеңілдікпен 5 995 долларға сатып алуға болады. Дизайн концепциясы 1 956 жылы жасалған және Eames-тің барлық ерекшелігіне ие. Бұл орындық нағыз былғарыдан жасалған.

Дегенмен Factcheck.kg фактчекерлері өз үкімін кесіп айтпайды. Себебі орындықтың таза былғарыдан жасалғанын тек жанама түрде дәлелдеуге болады. Оған қоса жоғарыдағы сәйкессіздікке байланысты фотоның түсірілген уақыты да нақты емес.

Контекст

Жақында Германияның батысындағы Люцерат ауылы маңында өткен наразылық акциясы кезінде полицияның экобелсенді Грета Тунбергті ұстағаны туралы жаңалық бүкіл әлемді шарлады. Көп ұзамай әлеуметтік желіде бұл «медиа немесе полиция ұйымдастырған қойылым» деген хабарлама тарады. Фактчекерлер ақпаратты тексерді.

Factcheck.kz