Министрлік пневмония мен бронхит туралы жалған ақпарат тарап жатқанын хабарлады

Денсаулық сақтау министрлігі желіде адамдарды “улап”, олар пневмония және бронхитпен ауырып жатыр деген фейк тарағанын хабарлады.  

“Тұмау мен ЖРВИ жағдайы бақылауда.  Жалпы, қазіргі жылдың 1 қазанынан бастап өткен жылғы дәл сол уақыттағы жағдаймен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанудың 20% – ға төмендегені байқалады. Зертханалық расталған тұмаудың 400-ге жуық жағдайы тіркелді. Тұмауға қарсы 2 миллионнан астам адамға екпе салынды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрап, ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

Журналист

Factcheck.kz