Qazaqueer: ЛГБТК+ туралы қазақ тілді медиа ашылды

ЛГБТК+ өкілдері туралы қазақ тілінде жазатын Qazaqueer медиасы ашылды. Парақшаның негізін құрушы — Мүтәлі Москеу.

Мүтәлі Москеудің айтуынша, куир-медианың негізгі мақсаты – Қазақстандағы ЛГБТК+ өкілдеріне қатысты қисынсыз таптаурындармен күресу.

Біздің қоғамның санасына “қазақта және Қазақстанда ЛГБТ болмаған” деген ой сіңіп кеткен. Ал ондайлар бар болса, демек бұл “ұят” және “ондай қазақтарды құрту керек” деп жатады. Бірақ мұның қисынсыз таптаурын екені бәрімізге белгілі. Біз, қазақ куирлері, бұрыннан бармыз және әлі де көбейеміз.

Мүтәлі Москеу, Qazaqueer негізін қалаушы

Мүтәлі Москеудің сөзінше, жыныстық тәрбие туралы қазақша мәлімет аз. Бүгінде Qazaqueer парақшасы мыңнан астам оқырман жинап үлгерген. Мұнда секс, дейтиң, қарым-қатынас мәселелері талқыланады. Оған қоса авторлар қазақ тілді контентті дамытуға да үлес қосуды жоспарлап отыр.

Factcheck.kz