НАСА астрологиялық таңбаларды жаңартқаны рас па?  

Желіде ара-тұра  НАСА (Ғарыш кеңістігін зерттеу мен аэронавтика бойынша ұлттық басқарма) «2000 жылда алғаш рет астрологиялық таңбаларды жаңартқаны» туралы ақпарат шығып тұрады (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7). Кейбір жазбаларда оның себебі де айтылады: «Айдың тартылыс күші әсерінен Жердің ось бағыты өзгеріп, шоқжұлдыздардың орналасуы бірнеше мыңжылдықта алғаш рет өзгерген»-мыс. 

Жазбада кесте де бар. Бұл кестеде даталардың өзгеруімен қатар, жұлдыз-жорамалда Шаян мен Мергеннің арасында 13-таңба –  Ophiuchus (жыланұстаушы) пайда болған. 

НАСА астрологиялық таңбаларды жаңартқаны рас па?  

Біз бұл ақпаратты тексеріп, НАСА расымен астрологиялық таңбаларды жаңартты ма, жоқ па, анықтауды жөн көрдік. 

Үкім: Жалған

НАСА астрология емес, астрономиямен айналысады және ешқашан астрологиялық белгілерді жаңартқан емес. Таңбалар жұлдыздардың атымен аталса да, астрология ешқашан астрономияға түк қатысы жоқ және ол ғылымға жатпайды. 

Бір қызығы, НАСА-ға сілтеме жасалса да, тараған суреттегі ақпараттың басым бөлігі басқа дереккөзден алынған. 

Мәселенің анық-қанығын және бұл оқиғада НАСА қалай пайда болғаны туралы әрмен қарай айтайық. 

Мәселенің мән-жайы

НАСА он үшінші таңбаны енгізді деген ақпарат алғаш рет 2016 жылы 15 қыркүйекте Cosmopolitan-ның сайтындағы материалда жарияланған және оны желі қолданушылары таратып жіберген. «Don’t freak out, but your star sign may have changed» (қазақшасы – «Уайымда, сенің жұлдыз-жорамалың өзгеріп кетуі мүмкін») деген мақала НАСА-ның оқушыларға арналған NASA Space Place порталындағы «What Are Constellations?» (қазақша – «Шоқжұлдыздар дегеніміз не?») деген мақалаға сілтеме жасаған.

НАСА материалында жалпақ тілмен шоқжұлдыздардың анықтамасы, жыл мезгіліне және жарты шарға байланысты оларды көру мүмкіндігі және астрономия мен астрологияның айырмашылығы туралы жазылған. Оған қоса мақалада астрологиялық таңбаларды жаңарту туралы бірде-бір сөз жазылмаған. Солтүстік жарты шарда болжаммен қашан көруге болатыны жазылған және шоқжұлдыздар бейнеленген. 

НАСА астрологиялық таңбаларды жаңартқаны рас па?  
Дереккөз: NASA Space Place

Осы сурет Cosmopolitan-дағы жаңалыққа негіз болған сияқты. Суретте 13 шоқжұлдыз көрсетілген, оның бірі – Жыланұстаушы (Ophiuchus).

Оған қоса журнал «жаңартылған» жұлдыз-жорамал күнтізбесін НАСА-дан емес, басқа дереккөзден алған сияқты.

2011 жылы астрономия профессоры Парк Канкл Minneapolis Star Tribune басылымына берген сұхбатында барлық жұлдыз-жорамал белгілері өз орнында тұрмағанын, нақтырақ айтсақ бір айға жылжығанын айтқан. Ол бұны Айдың гравитациялық әсерінен Жердің өз осымен «айналғанымен» түсіндіреді. Яғни Айдың тартылыс күші әсерінен 2000 жыл ішінде Жердің осі біршама қисайған, сондай-ақ он үшінші шоқжұлдыз бар екенін, оған он үшінші таңбаны беру керек екенін айтқан. Ол жерде бес жылдан соң Сosmopolitan-да шыққан кесте де берілген. Кейін жалған ақпарат тасыған хабарлама Канклдың аргументін қоса жариялаған.

Cosmopolitan-да шыққан материалдан соң, 20 қыркүйекте Tumblr блог-платформасындағы ресми аккаунтында НАСА «ешқашан жұлдыз-жорамал таңбаларын өзгертпегенін, тек математикалық есептеу жүргізгенін» түсіндірген. Тарихқа үңілген жазбада, 3000 жыл бұрын вавилондықтар сол кезде бар болған 12 айға ыңғайлы болу үшін 12 шоқжұлдызды бөліп алғанын және ыңғайлы болу үшін Жыланұстаушыны әдейі тыс қалдырғанын да айтқан.  

Мұндай кесте дәл болмаған және бүгін де дәл емес. Шоқжұлдыздар формасы мен көлемі бойынша әртүрлі болғандықтан, мысалы, Жерден Күн арқылы өтетін түзу сызыл Бикешке 45 күн, ал Шаянға тек 7 күн көрсетеді. Яғни, бұл фактіні астрологияда қолдансақ, онда екі атауы бір шоқжұлдызға да 45 және 7 күн түсуі керек. Бұдан бөлек үш мыңжылдықта Жердің осі айтарлықтай өзгерген, бұл да шоқжұлдыздардың орналасу ретіне әсер етеді.

Қорытынды

Сosmopolitan журналы НАСА-гың балаларға арналған шоқжұлдыздар туралы материалынан бұрыс шешім шығарып, астрологиялық таңбалар туралы мақала жазған. Агенттік ешқашан жұлдыз-жорамалды жаңартатыны туралы ешқашан ешқандай сөз жазған емес, себебі ешқашан астрологиямен айналыспаған. «Жаңартылған» астрологиялық күнтізбені Сosmopolitan профессор Парк Канклдың 2011 жылы берген сұхбатынан алған. Нәтижесінде жалған ақпаратта күнтізбе, астрономның аргументі мен НАСА-ның шешімі бірігіп кеткен.  

Материалды дайындаған Online Factcheck Academy түлегі Меруерт Джамбурбаева

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz