«Өмір үшбұрышы» жер сілкінгенде аман қалуға көмектесе ме?

Алматыда және Қазақстанның басқа да қалаларында қаңтарда сезілген жер сілкінген соң желіде жер асты дүмпуінен қалай қорғануға болатыны туралы хабарламалар әлеуметтік желілер (1, 2, 3) мен баспасөз құралдарында (1, 2) кең тарады.

Бұл идеяны насихаттаушы Дуглас Копп өмір үшбұрышы деп ірі жиһаз жанындағы (төсек, диван, үстел, шкаф және т.б.) жерді атаған. Ол ғимарат құлаған кезде, жиһаз корпусы құлаған төбені ұстап қалып, қауіпсіз «қалта» жасайды дейді.

«Өмір үшбұрышы» жер сілкінгенде аман қалуға көмектесе ме?
Foto Иллюстрация: wikiHow

«Өмір үшбұрышы» туралы хабарламаларда жер сілкінгенде жерге жатып, ауыр заттардан алыс болу керек және үстел немесе төсектің астына тығылу керек деген ойды алға тартатын «жата қал, тығыл, қал» деген дәстүрлі әдістің тиімсіз екені айтылған.

Ал хабарламалардың бірінде «құлап жатқан ғимаратта немесе көлікте тығылған адамдардың барлығы жарақат алады немесе өледі» деп жазылған.

Factcheck.kz редакциясы «Өмір үшбұрышы» жер сілкінгенде аман қалуға көмектесе ме?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Үкім: Жалған

Ешбір ресми құтқару ұйымы жер сілкінгенде тығылу үшін «өмір үшбұрышына» жүгінуге кеңес бермейді. Алайда Солтүстік Калифорния құрылысшы-инженерлер ассоциациясы, АҚШ геологиялық қызметі, төтенше жағдайларды басқару жөніндегі АҚШ Федералды агенттігі және басқа да зерттеу орталықтары мен сейсмологиялық қауымдастықтар (1, 2, 3, 4) дәлелденбеген және қауіпті амалды ашық сынға алып келеді. «Өмір үшбұрышы» әдісі жер сілкінгенде біршама қауіпті ескермейді. Ауыр жиһаз жанында тығылған адам төбенің астында қалып қана қоймай, дүмпу кезінде жиһаздың қозғалғанынан тапталып қалуы мүмкін.

Әдіс пайда болған 20 жылда «өмір үшбұрышының» тиімділігін немесе оның «жата қал, тығыл, қал» әдісінен гөрі тиімдірек екенін дәлелдейтін ешбір ғылыми зерттеу шыққан жоқ. Ал әдісті жасаған маманның біліктілігі мен адамгершілігі күмән туғызады.

Сондықтан біз жер сілкінгенде «өмір үшбұрышына» жүгінбеуді ұсынамыз.

«Өмір үшбұрышы» қалай пайда болды?

2004 жылы «Өмір үшбұрышы» атауы электронды пошта арқылы тараған жер сілкіннен аман қалудың инновациялық жолы туралы вирусты хабарламаларда кездеседі. Желінің орыстілді сегментте тарап жатқан мәтін сол түпнұсқа хабарламаның қысқартылған және толықтырылған аудармасын құрайды. Пуэрторикалық сейсмологиялық қауымдастық өзінің жазбасында «өмір үшбұрышы» әдісі 1990 жылдары танымал болғанын айтады.

«Өмір үшбұрышының» артықшылықтары туралы айтатын хабарламаны «Халықаралық америкалық құтқару бригадасы» (ағылш. American Rescue Team International, АҚШ билігіне қатысы жоқ — ред.) және «БҰҰ сарапшысы» Луглас Копптың атынан жазылған.

«Өмір үшбұрышы» әдісін таныстырған кезде Копп 1996 жылы Түркияда Түркия билігі мен Ыстамбұл университеті бірлесіп өткізген ғылыми экспериментке сілтеме жасайды. Копптың сөзінше, ол әріптестерімен ішінде 20 манекен бар мектеп ғимараты мен тұрғын үйді құлатқан. Манекендердің жартысы «жата қал, тығыл, қал», басқасы «өмір үшбұрышы» әдісімен қойылған.

Дуглас Копп ғимараттарды құлатқан соң «жата қал, тығыл, қал» әдісімен тұрғызылған манекендердің бәрі үйінді астында қалғанын, ал «өмір үшбұрышы» жер сілкінгенде аман қалуға 100% кепіл болатынын айтты.

Жер сілкіну кезіндегі қауіптер

«Өмір үшбұрышы» әдісі тиімді болуы үшін, ғимарат көлденең құлауы, яғни, қабырға қирап, төбе тұтастай жерге түсуі керек. Алайда инженерлер мен архитекторлар жер сілкінгенде ғимараттың қалай құлайтынын болжау өте қиын дейді (1, 2): конструкцияның беріктігіне және дүмпу кезіндегі қозғалыс күшіне көп фактор әсер етеді. Әрі төбенің бөлшектеп құлау ықтималдығы жоғары.

Ғимараттың немесе оның бөлектерінің құлауы — жер сілкінгенде жалғыз қауіп факторы емес.

Ғимарат мығым болып, құламаса, ішіндегі адамдар бәрібір зардап шегуі мүмкін: жерасты дүмпуі кезінде ғимараттар жел соққан кездегі ағаш сияқты тербеледі, ал ондағы бекітілмеген жиһаз қозғалып, құлай бастайды. Мысалы, жер сілкінген кезде тоңазытқыштың жанына тығылудың қаншалық қауіпті болуы мүмкін екенін жазған едік.

2016 жылы АҚШ Геология қызметі мамандары магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінуі кезінде биік ғимараттың қалай теңселетінін көрсеткен. Көзге жақсырақ елестету үшін, қозғалыстың бәрі ғимарат биіктігіне қатысты 300 есе ұлғайтылған. Ғимарат аман қалды, алайда онда қатты дүмпу кезінде ғимараттың 5 см-ге теңселгені көрінеді.

Магнитудасы 6,4 болатын дүмпулер ғимараттың ішінде қалай сезілетіні мына жерде бар. Ауыр жиһаздың бөлме ішінде қалай қозғалып жатқанына назар аударыңыз. Ғимарат құламағанымен, 10 адам қаза тапқан.

Үстелдің немесе төсектің астына тығылу да табиғи апаттар кезіндегі кез келген іс-әрекет сияқты 100% қауіпсіздікке кепіл бола алмайды. Алайда бұл амал құлап жатқан заттардан ғана емес, жер сілкінгенде еденде жатуы мүмкін ауыр интерьер элементтерінен де қорғайды.

Жаңалық табушы, құтқарушы, батыр, алаяқ

Snopes фактчекерлері Дуглас Коппқа көрсеткен «зерттеулердің» шын мәнінде ғылымға қатысы жоғын және жер сілкінуінен мүлдем алыс болғанын анықтады. Копптың түсірілім тобы түрік құтқарушыларының үйінділерді жинап жатқан оқу-жаттығуын құжаттап алған.

Манекендерді ғимараттағы әртүрлі жерлерге қойып шыққан, әрі құтқарудың белгілі бір тәсілі қарастырылмаған. Үйінділерді жасау үшін құтқарушылар бетон плитаны ғимарат үстінен құлата салған. Бұл жерасты дүмпулерінің ғимаратты қозғалтуына сай келмейді.

Дуглас Копп өзі ашқан әдістің тиімділігін анықтаған «экспериментті» көрсетіп жатыр

Копптың біліктілігі де күмән туғызады. Albuquerque Journal журналистері анықтағандай, оның инженерлік білімі жоқ, құтқарушы ретінде тәжірибесі де болмаған.

Ол расымен көптеген апат орнында, тіпті, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террористік актіден соң сол сауда орталығында да болған. Алайда куәгерлердің сөзінше, «құтқарушылар» командасы түсірілім тобынан, сценаристтен және Копптың өзінен тұрған. Олардың жұмысы камера алдында көрініп жүру мен қызу жұмыс істеп жүргендердің кейпін таныту болған.

Бұл Дуглас Копптың қолынан келген сыңайлы. Ол мемлекеттен және жеке компаниядан төлем мен субсидия, оның ішінде 11 қыркүйектен соң үйінділерді жинау кезінде «улы сорпаны» басып кеткен соң денсаулығына зиян келгені үшін 650 мың доллар алған.

Albuquerque Journal басылымында жарияланған «құтқарушы» туралы мақалалар легінен соң АҚШ Әділет министрлігі Копп алған компенсация кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу бастаған. Ашық дереккөздерде оның нәтижесін табу мүмкін болмады. Копп журналистерді жала жапты деп айыптап, сотқа жүгінген. Алайда 2009 жылы Нью-Йорк Жоғарғы соты департаменті Копптың айыбын негізсіз деп таныды.

лингвистка, фактчекерка

Factcheck.kz