“Ирония судьбы” фильмі КСРО-да әр Жаңа жыл сайын көрсетілді ме?

Көпшілік арасында “Режиссер Эльдар Рязановтың “Ирония судьбы” фильмі жарыққа шыққан соң, КСРО-да жыл сайын Жаңа жылда көрсетілетін” деген ақпарат бар. “Проверено” деректі тексеріп көрді.

“КСРО кезінде телеарналар әлдеқайда аз болды, бірақ бұл туынды 1976 жылдағы премьерасынан бастап кеңінен танылды”, – делінген “Дзене” деген танымал блогта. Ал “Мир 24” арнасының сайтындағы материалда: “45 жылдан бері миллиондаған адам Жаңа жылды Құрылыстың 3-көшесі, 25-үйде қарсы алып жатыр“, – деп жазылған.

Фактчекерлер “Ирония судьбы” фильмінің қашан және қаншалық жиі шыққанын тексеру үшін “Арналар мен радиолардағы бағдарламалар кестесінің архивіне” хабарласты. Олар EastView бағдарламасы арқылы “Правда” және “Известия” деген ең ірі басылымның архивін тексерді. Оған қоса фактчекерлер өз бетімен 1975-1991 аралығында телеарнаның жаңажылдық аптада шыққан барлық бағдарламасын қарап шықты.

Фильм 1976 жылғы 1 қаңтарда кешке Орталық телевидениенің Бірінші бағдарламасында экранға шықты. Фильм кеңінен танылып, сол жылы тағы үш рет көрсетілді: 7 ақпанда, 2 маусымда және 25 желтоқсанда.

Алайда КСРО кезінде 31 желтоқсанда бұл фильм Орталық телевидениенің екінші бағдарламасынан тек екі рет – 1983 жылы және 1989 жылы көрсетілген.

1970-1980 жылдары Жаңа жылда телеарналардың негізгі контенті – концерттер мен көркем фильмдер. Ал Рязановтың “Ирония судьбы” фильмін көрсету міндетті емес еді.
КСРО құлағанға дейін фильм телевизиядан жалпы тоғыз рет көрсетілді. Оның төртеуі – премьерасы, қалғанында қайталап көрсетілді. Кейін фильм 1977 жылғы 25 желтоқсанда, 1979 жылғы 2 қаңтарда, 1983 және 1989 жылы 31 желтоқсанда, 1991 жылы 1 қаңтарда экранға шықты.

Сонымен қатар фактчекерлер фильм 1985 жылғы көктемде басталған маскүнемдікке қарсы науқанға байланысты кеңестік экрандардан жоғалып кетті деген пікірді тексерді. Науқан кезінде кейбір фильмдерден актердардың ішімдік ішкен кадрлары алынып тасталды. Кей картина бірнеше жылға экраннан көрсетілмей кетті. Дегенмен дәл осы науқанның “Ирония судьбы” фильмнінің экранға шығуына әсер етіп-етпегенін растайтын дәлел жоқ. Жоғарыда келтірілген кесте бойынша, комедия 1978 жылы да, 1980-1982 жылдары да, 1984 жылы да, яғни сол науқан әлі басталмаған кезде көрсетілмеген.

Авторлар мынадай қорытындыға келді: “Ирония судьбы” фильм 1990 жылдардан бастап дәстүрлі түрде Жаңа жылда көрсетілетін болды. Ал 2000 жылдардан бастап бұл Ресейде тұрақты нәрсеге айналды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz