Фейк | Шошқа еті қосылған және ЖАЖ логотипі бар құймақтар

10-11 шілдеде желіде шошқа етінің салмасы мен жойқын ату жүйесінің (ЖАЖ) логотипі бар «Солнцепек» маркалы құймақтарының суреті тарап кетті. Мұндай посттарды Telegram (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11), ВКонтакте (1, 2), Одноклассникидегі z-парақшалар мен түрлі форумдардан кездестіруге болады.

Барлық постта украиналықтарға қарсы жағымсыз пікір бар. Суретті таратушылар оны «креатив маркетиң», «99-дәрежедегі маркетолог», «талантты маркетолог» және т.б. деп атап, «отандық өндірушіні қолдауға» шақырған.

Біз «Сибирьский гурман» компаниясы расында осындай қаптамамен құймақ шығара ма деген сұраққа жауап іздеп көрдік.

Үкім: Фейк

«Сибирский Гурман» қаптаманың дизайнын өзгерткен жоқ. Бұған компанияның ресми сайтындағы өнімдер тізімін қарап көз жеткізуге болады. Онда шошқа еті қосылған құймақ та, ЖАЖ суреті бар қаптама да жоқ. Яғни, біздің көріп отырғанымыз қолдан жасалған жалған қаптама. Ол бір дана ғана болуы да мүмкін, себебі дереккөздің бәрі тек бір суретті жариялаған.

Суреттегі қаптаманың дизайнына қарасақ, көшірме жасауға ірімшік пен ветчина қосылған құймақтар қаптамасы негіз ретінде алынған тәрізді.

Материалды Online Factcheck Academy түлегі Илья Ролдугин дайындады

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz