Фактчек | Сарапшылардың бағалауы бойынша ЖІӨ-нің үштен бірі көлеңкеде

2020 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын арнады. Жолдауда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар тақырыптар айтылып, біраз мәселе көтерілді. Біз, былтырғыдай, жолдауға фактчек жасадық.

Сарапшылардың бағалауы бойынша ЖІӨ-нің үштен бірі көлеңкеде

Қ. Тоқаев

Үкім: Жартылай шындық және асыра сілтеу

Маусымның соңында бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов өткен жылғы көлеңкелі экономика ЖІӨ-нің 23,62 проценті болғанын айтты. Тамыздың соңында да осыған ұқсас сандарды келтірді.

Мемлекеттік хатшы Қ. Көшербаевтың басқаруымен өткен ҚР президенті жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысында көлеңкелі экономика ЖІӨ-нің 20 пайызын құрайтындығы келтірілді. Бұл ретте деректердің жекелей сарапшылардың бағалауларынан алынғаны да айтылды. Әйтсе де, бұл – үлкен сан, бірақ, ЖІӨ-нің үштен бірі деуге келмейді.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz