2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі президент жолдауына фактчекинг

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Бұл қазіргі президенттің алғашқы жолдауы болғандықтан барлық БАҚ өкілдерінің назарына ілікті. Көпшілік күткен тікелей эфир болмаса да, Твиттерде мәтіндік трансляция жүргізілді, ал жолдаудың толық нұсқасы Ақорда сайтына жарияланды. Президент өз сөзінде уәделер мен тапсырмалар беріп қана қоймай, елдің қазіргі жайы туралы оннан аса мәлімдемелер жасады. Президенттің қаншалықты нақты сөйлейтінін тексеріп көрелік. (Материал толықтырылуда)

Мәлімдеме:

«2018 жылы мемлекеттік сатып алу мөлшері 4,4 трлн теңгені құрады, оның 3,3 трлн-ны (75%) бір көзден бәсекесіз жолмен жүзеге асырылған.

Қ.Тоқаев

Үкім: Жартылай шындық

Мемлекеттік сатып алу порталының жылдық есебіне сәйкес, 2018 жылы мемлекеттік сатып алудың жалпы мөлшері 3,9 трлн теңге болған. Президент мәлімдеген сомма порталда көрсетілген 500 млрд.-тан асып түседі.

Datanomika телеграм-арнасының мәліметінше, 2018 жылғы мемлекеттік сатып алудың 74 % -ы бәсекесіз жолмен жүзеге асқан. Арна авторлары мәліметтердің дереккөзі ретінде goszakup.kz  мемлекеттік сатып алу порталын көрсетті.

2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі президент жолдауына фактчекинг

Мәлімдеме:

«Ресми статистикаға сәйкес, 80 мыңнан аса бала мүгедектік бойынша есепте тұр».

дейді Тоқаев.

Үкім: Шындық

Статистика комитетінің мәліметіне сенсек, 2018 жылы республикада 18 жасқа дейінгі 87 мың бала мүгедек ретінде тіркелген. Осы ресми деректерге сәйкес 2018 жылы Қазақстанда дамуында шектеулері бар 153,2 мың бала есепке алынған.

Мәлімдеме:

Тұрғындардың ЖІӨ мен кірісінің артқанына қарамастан, қазақстан қоғамының жікке бөлінуі сақталуда, тіпті артып жатыр.

Қ. Тоқаев

Үкім: Манипуляция

Президент біздің ЖІӨ мен кірістің өсуін қай кезең бойынша және қандай валютада қадағалап отырғанымызды айтпағандықтан манипуляцияға жол беріліп тұр. Егер соңғы екі жылды айтар болсақ, шын мәнінде ЖІӨ мен кірістің шамалы ғана артқанын байқауға болады. Ал соңғы бес жылды айтсақ, 2013 жылғы көрсеткіштерге жетуге әлі ерте.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2013 жылы ЖІӨ 236 633,3 млн АҚШ долларын құраған, ал 2018 жылы – 172 938,7 тең. Сонымен қатар, егер теңгемен есептесек, 35 999 025,1 млн-нан 59 613 707,5 млн-ға дейінгі тұрақты өсуді байқауа болады. Дегенмен 2014 жылғы инфляция мен девальвацияны да ұмытпағанымыз жөн. Сол кезден теңгенің құны құлдырап, долларға қатысты екі есе арзандап кетті.

Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері // актуал мерзімі – 07.08.2019 2013 жыл20142015201620172018
ЖІӨ
млн. тенге35999025,139675832,940884133,646971150,053101281,859613707,5
млн. АҚШ доллары 236 633,3221 417,7184 387,0137 278,3162 887,4172938,7
Жан басына шаққандағы ЖІӨ
теңге2113204,82294830,22330360,22639710,32943893,03261768,4
АҚШ доллары 13890,812806,710509,97 714,89 030,39462,4
АҚШ долларының орташа айырбастау бағамы 152,13179,19221,73342,16326344,71
Өмір сүру деңгейі

Тұрғындардың жан басының орташа номиналды кірісі
теңге56 45362 27167 32176 57583 05392703
АҚШ доллары371,1347,5303,6223,8254,8268,9
Өмір сүрудің ең төменгі көрсеткіші
теңге 17 78919 06819 64721 61223 78327 072
АҚШ доллары 116,93106,4188,6163,1672,9578,5
Бір қызметкердің орташа айлық жалақасы
теңге 109141121021126021142898150827162673
АҚШ доллары 717675568418463472
Бағалар
Тұтынушы бағасының индексі (кезеңнің соңында, алдыңғы жылдың желтоқсан айына пайызбен) 104,8107,4113,6108,5107,1105,3

Мәлімдеме:

5 жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алатындар саны 77 мыңнан 1,4 млн-ға дейін өсті

дейді Тоқаев

Үкім: Шындық (және манипуляция)

Атаулы әлеуметтік көмекті алатындар саны 2014 жылдан бері расында өсті. Алайда, бұл мемлекетке “аузын ашқандар” саны артқанынан емес, 2018 жылы АӘК берудің жаңа форматының енгізілуіне байланысты.

Сататиска комитетінің деректерінше АӘК алатындар саны 2014 жылдан 2017 жылға дейін 2,4 есеге, яғни 56,1 мыңнан 23,3 мыңға дейін азайған. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК берудің жаңа форматы енгізілді және көмектің бұл түріне бұған дейін көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүлшелеріне берілетін және жекелей төлемдер біріктірілді. Демек, төлемдер біріктірілгеннен кейін көмек алушылар саны 24,6 пайызға өсіп, 571,6 мыңға жетті. Ал 2019 жылдың 1 шілдесінде АӘК алатындар саны 1.6 азаматқа жетті. Бұлар негізінен табыстары күңкөрістің ең төменгі деңгейіне жетпейтіндер.

Демек, АӘК алушылардың саны расымен өсті. Бірақ, бұның негізгі себебі, есептеу жүйесіндегі өзгерістер.

АӘК алушылар саны
(ҚР Еңбек және халықты әлеметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша)
201620172018
Қазақстан Республикасы бойынша 2878623267571584
Ақмола облысы71349912 371
Ақтөбе облысы 31124020 082
Алматы облысы 3 0302 64958 768
Атырау облысы 2 6662 03510 949
БҚО2 2261 52816 815
Жымбыл облысы 2 1851 59774 517
Қарағанды облысы 3 0562 72310 967
Қостанай облысы 1 9861 58114 256
Қызылорда облысы 90457439 409
Маңғыстау облысы 2 1331 7319 761
Түркістан облысы 195 620
ОҚО (атауы ауыспағанға дейін)1 4961 106
Павлодар облысы 5975226 977
СҚО1 9271 5018 723
ШҚО3 7853 27631 601
Астана қаласы1 3811 3294 601
Алматы қаласы3903762 781
г.Шымкент қаласы53 386
Factcheck.kz