Бразилиялық “QAnon бақсының” фотосы жақында болған митиңде түсірілді ме?

Бұрынғы президент Жаир Болсонарудың жақтастары Луис Инасиу Лула да Силваның президент атанғанына наразылық білдіріп, үкімет ғимараттарына шабуыл жасады. Дүниежүзіне Бразилиядағы тәртіпсіздіктер туралы көптеген ақпарат тарады. Көпшілік бұл тәртіпсіздікті 2021 жылғы АҚШ-тың Капитолийін қоршап алу оқиғасына ұқсатты. Сонымен қатар бұған қатысты ақпараттар толқыны кезінде әлеуметтік желіде “QAnon бақсыға” еліктегіш бразилиялықтың суреті пайда болды. Бұл туралы PolitiFact хабарлады.

“QAnon бақсысы” деген лақап атқа ие болған Джейкоб Ченсли — QAnon қозғалысының жақтаушысы және 2021 жылы Капитолийді басып алмақ болғандардың бірі. Оның сол кездегі жүзіне АҚШ туының суретін салып, үстіне аң терісін жамылып, мүйіз таққан фотосы бүкіл әлемдегі шарлады.

Жақында болған бразилиялықтардың протестінен кейін де осыған ұқсас адамның суреті тарады: онда ол жүн және мүйізден жасалған баскиім киген және беті Бразилияның ұлттық түсі саналатын жасыл мен сары түске боялған.

Бразилиялық "QAnon бақсының" фотосы жақында болған митиңде түсірілді ме?

“Бразилияның 6 қаңтардағы өзіндік белгісі бар”,-делінген Twitter-дегі жазбалардың бірінде. “Болсонаруның жақтастары үкімет ғимаратына шабуыл жасады. Олардың, тіпті, өз QAnon бақсысы бар!”.

Алайда суретті кері іздеу жүйесі бразилиялықтың бұл фотосы желіге 2021 жылғы қыркүйекте жарияланғанын анықтады.

Ал Eurasia Group саяси тәуекелдерді зерттеу және кеңес беру компаниясының негізін қалаушы Ян Бреммер 2021 жылғы 7 қыркүйекте Бразилияның тәуелсіздік күнінде Twitter-інде дәл осы суретті бөлісті.

Бразилиялық "QAnon бақсының" фотосы жақында болған митиңде түсірілді ме?

“Diário do Centro do Mundo” бразилиялық жаңалықтар сайтының 2021 жылғы 7 қыркүйекте “Болсонаруның жақтаушысы “викиңнен шабыттанған” Капитолий төңкерісі кезінде” атты тақырыппен жарияланған мақаласы “бақсының” суреті Сан-Паулу қаласында өткен митиң кезінде түсірілгенін растайды.

Сонымен бірге BBC журналисі Шаян Сардаризаде Twitter-інде бұл суреттің бразилиялықтардың 2023 жылдағы наразылықтарымен байланысы жоқ екенін жазды.

Бразилиялық "QAnon бақсының" фотосы жақында болған митиңде түсірілді ме?

Бразилиялық “QAnon бақсының” суретін қазіргі Бразилиядағы жағдай мен 6 қаңтардағы Капитолийдегі тәртіпсіздікті салыстыру үшін қолданғанын көрдім. Бірақ бұл суреттер (бразилиялықтың суреті-ред) Болсонару жақтастарының 2021 жылғы қыркүйекте шыққан митиңгі кезінде жасалған, бүгін емес.

Шаян Сардаризаде, BBC журналисі
Factcheck.kz