Бразилиядағы Исаның мүсініне найзағай түсуі ерекше құбылыс па?

Желіде Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында түсірілген фото кеңінен тарады: онда Иса Мәсіхтің мүсініне найзағай түскен. Көпшіліктің сөзінше, бұл фото 2023 жылы түсірілген және бір апаттың белгісі болуы мүмкін “ерекше құбылыс”. Factcheck.kg фактчекерлері суретті тексеріп көрді.

Исаның мүсініне найзағай түскен фотоны көптеген медиа жариялады. Оның барлығы дереккөз ретінде фотограф Фернандо Браганың Instagram парақшасына сілтемеге берген. Ал автор өзінің жазбасында суреттің 2023 жылғы 10 ақпанда түсірілгенін жазған. Оған қоса видео бөліскен.

Бразилиядағы Исаның мүсініне найзағай түсуі ерекше құбылыс па?
Парақша скрині

Бір қызығы, БАҚ беттерінде бұған дейін де Иса мүсініне найзағай түскені туралы бірқатар ақпарат жарияланған: 2008 жылы найзағай мүсіннің бас жағына тиген, 2014 жылы найзағай салдарынан Иса Мәсіх мүсінінің саусағы сынған.

Бразилия ғарыштық зерттеулер институтының (Inpe) мәліметінше, мүсінге жыл сайын 4-тен 6-ға дейін электр разряды түседі. Орташа алғанда екі-үш айда бір рет найзағай түседі. Жаңбырлы маусымда найзағай саны артады, сәйкесінше, мүсінге де найзағай көп түседі.

Қорыта айтқанда, Иса мүсініне түскен найзағайды “ерекше құбылыс” деп атауға келмейді.

Factcheck.kz