FIFA Пеленің аяғын музейде сақтайтыны рас па?

2022 жылғы 29 желтоқcанда әйгілі футболшы Пеле қайтыс болғаннан кейін оған қатысты түрлі ақпарат тарады. Мысалы, халықаралық футбол жарыстарына жауапты FIFA ұйымы шабуылдаушының аяғын өзінің музейінде сақтамақ деседі.

Snopes ақпараттың қаншалық рас екенін тексерді.

2022 жылғы 31 желтоқсанда Twitter қолданушысы: “FIFA Пеленің аяғын музейде сақтайды. Оның отбасы FIFA-ға аяғын алуға рұқсатын беріпті”,-деп жазылған пост жариялаған.

Пеле жөніндегі мем ақпараттар көбіне TNT Sports Brazil сайтына шыққан. Алайда Logial.ly басылымының мәліметінше, бұл веб-сайтта мәлімдемені растайтын нақты деректер жоқ.

Шын мәнінде бұл хабар алғаш Sarcasm Football Nepal деп аталатын Facebook парақшасына жарияланған. Дегенмен бұл аккаунт өзін футбол туралы әзіл портал ретінде сипаттайды.

Оның үстіне FIFA-ның баспасөз қызметі де әйгілі шабуылдаушы Пеленің аяғын музейде сақтауға қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.

Сол себепті футболшыға қатысты ақпарат — жалған.

Factcheck.kz