Аллюминий ыдыс-аяқ ағзаға зиян ба?

Желіде аллюмин ыдыстың зияны туралы көптеген пікірталасты көруге болады, сондай-ақ бұл туралы біраз танымдық мақалаларға да тап боласыз (мында, мында, мында және мына жерде). Бұл жазбалардың авторлары мен форумдағы пікір жазушылар тамақпен бірге аллюминнің ағзаға түсіп, зиян тигізетіні туралы жиі жазады. Дегенмен аллюминнийдің аз бөлігі аспен бірге түссе еш зияны тимейтіні және бұл металлдан жасалған ыдысты қолдануға болатыны жазылған пікірлер де аз емес. 

Factcheck.kz бұл мәселенің анық-қанығын біліп, осы замандағы мамандардың зерттеулерін тексеріп көрмек. 

Үкім: Жартылай шындық

Алюминий ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне көмектесетін көптеген элемент сияқты көп мөлшерде болса — уға айналады. Алайда бұл металлдың Альцгеймер ауруымен байланысы әлі де пікірталас тудырады.

Алюминий тамаққа ыдыс арқылы түседі. Металл қалдықтарынан жасайтын ыдыстар өтетін дамушы елдерде ас қайнатқанда, қуырғанда тамаққа улы мырыш, кадмий, күшәлә түседі және бұл факт денсаулық сақтау ұйымын дабыл қабуға мәжбүрледі. 

Дамыған елдерде тамаққа көп мөлшерде токсиндердің түсуіне кедергі келтіретін қорғаныш қабаты бар сапалы анодталған алюминий ыдыс-аяқ қолданатын сияқты. Алайда уақыт өте бұл қорғаныш қабаты зақымданып, бөлінетін зиянды заттардың мөлшері де көбейеді деген ақпарат бар. 

Дегенмен сапалы алюминий ыдыста піскен тамақтың құрамына аталмыш металл мен зиянды заттардың шамадан тыс мөлшері түспейді. Бірақ ыдыстың бүлінгенін, қорғаныш қабатының зақымданғанын қарап, оны ары қарай қолдану керек пе, жоқ па екенін өзіңіз шешкеніңіз жөн.

Сондай-ақ бүйрегі ауыратын адамдардың алюминиймен улану қауіпі бар екенін де айта кетуіміз керек.

Аллюминий токсині туралы

Әртүрлі сайттардағы танымдық мақалаларда сонау 90-жылдары тағамдық аллюминийдің  денсаулыққа зиян емес екені және қатерлі ісік тудырушы зат еместігі туралы жазылған ДДСҰ шешіміне сілтеме жасайды (мына жерде).

Бұл – дұрыс, бірақ нақтылауды қажет етеді. Құжатта «аллюминий мен оның қосындыларының адамға әсерінен қатерлі ісіктің пайда болу қаупі» туралы ақпараттың аз болуына байланысты нақты айтуға болмайтыны, сондай-ақ сол замандағы ғалымдар арасында аллюминийдің Альцгеймер ауруының басталуына және асқынуына әкеп соғуы мүмкін екені туралы айтылып жүргені жазылған.

Баяндама авторлары 1986 және 1989 жылдардағы зерттеулерге сілтеме жасаған. Дегенмен 1998 жылы «Аллюминийдің Альцгеймер ауруы кезіндегі нақты патогендік ролі әлі де даулы мәлімдеме және зерттеуді қажет етеді» деп жазылған. 

Бұл баяндамада азғаза аллюминийдің ыдыстан емес, басқа нәрседен түсетіні туралы қызықты оқиғалар жазылған. Мысалыға 1988 жылы Кэмелфорд (Англия) қаласының 20 мың тұрғыны мен көптеген қонағы 5 күн бойы алюминий сульфатының жоғары концентрациясын (100 мг/литр аса) тұтынған. Баяндамада бұл адам денсаулығына еш зиянын тигізбеуі тиіс деген шешімге келген. Одан бөлек, алюминий, мырыш пен қорғасынды тұтыну мен адамдардың буын және бұлшық етінің ауруына шағымдануының себебі екені туралы да нақты дәлел жоқ дейді.

Ал металлдың ұзақ мерзімдегі әсері туралы 1962 жылы жазылған ғылыми дереккөзге сілтеме жасалған құжатта ер адамның алюминий зауыты жанындағы диірмен аумағында 13 жарым жыл ультрадисперстік алюминий ұнтағын тұтынғаны айтылған оқиғаға тап боламыз. Ер адам асқынып кеткен энцефалопатиядан қайтыс болған және миында көп мөлшерде алюминий табылған. 

Алюминийдің зияны туралы жазылған мақалалардың көбінде 1965 жылы жасалған ғылыми жұмысты айтпай кетпейді, бұл жұмыста негізі алюминийдің ағзаға түсуі Альцгеймер ауруын тудырады деген болжамды дәлелдеуге тырысқан. Біз бұл зерттеуді желіден таба алмадық. Дегенмен ол ғылыми жұмыстың нәтижесі туралы, мысалы, Деменцияны зерттейтін аустралиялық қордың (Dementia Australia ұлттық ұйымының бөлімшесі) қазіргі замандағы ғалымдары сипаттап жазады.

Бұл жазбада алюминийдің Альцгеймер ауруымен қатысы туралы болжам 1965 жылы алюминий қосындыларының инъекциясын қоянға салғанда жүйке жасушаларында пайда болған түйіршіктерге байланысты жасалғаны туралы жазылады. Бірақ танымдық мақала авторлары қазіргі заманғы ғалымдардың шешіміне құлақ түріп, былай дейді:

Дегенмен бұл түйіршіктер Альцгеймер ауруының салдарынан пайда болатын адам миындағы түйіршіктерге ұқсамайды. Металлдар адам миының дұрыс жұмыс істеуі үшін өте керек элементтер — β-амилоид ақуызының уы мен одан түйіндердің пайда болуы кәрілікке байланысты темір, мыс және мырыштың ми жасушаларына дұрыс түспеуіне байланысты екенін дәлелдейтін көптеген зерттеулер бар. Бірақ алюминийдің ағзаға түсу патологиясы туралы нақты анықтама, дәлел жоқ.

Dementia Australia

2011 жылғы зерттеуде алюминий мен Альцгеймер ауруының байланысы туралы пікірталас бірнеше он жыл бойы жалғасқаны айтылады. Сондай-ақ дәл осы зерттеуде аустралиялықтар айтқан β-амилоидты ақуыздың пайда болуына алюминийдің әсері туралы болжам да жазылған.

β-амилоидты ақуыздың олигомеризациясы және нейротоксиндігі Альцгеймер аурының пайда болуындағы молекулярлық механизмінде маңызды роль атқарады. Ал алюминий β-амилоидтың олигомеризациясында crosslinking agent сияқты шешуші роль атқаруы мүмкін.

Зерттеуден цитата

Яғни, алюминий мен Альцгеймер аурының қатысы әлі де толық шешілген жоқ.

Алюминий ыдыстың әсері

Алюминий мен Альцгеймер ауруы туралы пікірталас әлі аяқталған жоқ. Осы процесс аясында бүгінде алюминий ыдыс-аяқтың қолдану проблемасы да қоса айтылып жүр. 

«Алюминий ыдыстағы металлдардың әсері: дамушы елдер тұрғындарының денсаулығына мойындалмаған зияны» (Science of The Total Environment, 2017) деген зерттеуде құрамында мырышы бар бензинді қолдануға тиым салынған соң, әлемнің біраз елдеріндегі тұрғындардың қан құрамында бұл металлдың азайғаны байқалған. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, орта және төмен ақы алатын елдерде мырыш деңгейі әлі де көп. 

Олар Африка, Азия және Орталық Америкадағы ондаған елдің арзан алюминий ыдысты алып зерттеген және металл қалдықтарынан жасалған ыдыстар мырыштың ағзаға түсетін негізгі себебі екені анықталды. Бұл бұрын-соңды белгісіз болған.

Бұл зерттеуде дамушы елдерден алған 42 қолданылмаған алюминий ыдыстың тамақ істегенде мырыш пен басқа да металлдардың бөлінуі тексерілген. Оның 15-і сұйытылған сірке қышқылын 2 сағат қайнатқанда 250 мл көлемде ≥1микрограмм мырыш бөлген. Вьетнамнан алған ыдыста келесі тестерде 33, 1126 және 1426 микрограмм бөлінген. Он ыдыста >1 микрограмм кадмий, он бесінде >1 микрограмм Күшәла (лат. Arsenic; As) шыққан. Алюминийдің 125 мг-ға орташа әсері 42 ыдыстың 40-да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының салмағы 70 кг адамның апта сайынғы уақытша рұқсат етілген 20 мг/күніне мөлшерден алты есеге асып кеткен.

Зерттеуден цитата

Сонымен қатар авторлар бұл ыдыс металлының шайылу мүмкіндігіне алдын-ала баға берген. «Ыдыстың қорғаныш қабаты болған соң алюминийдің бөлінуі 98%-ке азайған және басқа да металлдардың да мөлшері азайған», – деп жазылған зерттеуде. Бұл процесс пен түсіндірменің, қандай қорғаныш қабаты туралы айтылғаны туралы (металлға басқа материалдарды қолдану, алюминийді анодтау және оксидтеу) анық-қанығы жазылған сипаттаманы таба алмағанымызды айта кеткен жөн.

2021 жылы Mutation Research журналына шыққан материалда алюминий ыдыспен тышқандарға ұзақ уақыт су бергеннің әсері туралы жазылған. Жаңа, 3 және 6 жыл қолданылған ыдыста қайнаған судың ұрықтық және соматикалық жасушаларға зерттеу, тышқан спермасы мен  сперматозоидтарына морфологиялық тест, сонымен қатар жілік майына микроядролық тест те жасалған.

Тышқандарға 3, 4 және 5 апта бойы әртүрлі алюминий ыдыстарда қайнатылған суды еркін ішуге мүмкіндік берген. Ауыр металлдардың анализі нәтижесінде мырыш, күшәлә, кадмий және алюминий шоғыры қайнатылған суда әртүрлі мөлшерде бөлінген. Ал 6 жыл бұрын жасалған ыдыста қайнаған суда кадмий, мырыш пен алюминий мөлшері ең көп мөлшерде табылған. 

Зерттеу уақытының ұзақтығына байланысты зертханадағы тышқандардың нормадан ауытқыған сперматозоид саны көбеюуі мен олардың жалпы санының азаюы байқалған. Сондай-ақ кеміргіштердің ыдыстың жасалған уақытына байланысты микроядролық полихроматикалық эритроциттері мен ядролық аномалия саны тым көбейіп кеткені де жазылған. Нәтижесінде алюминий ыдыста қайнаған су ыдыстың жасалған уақытына байланысты цитотоксинді және генотоксинді эффект шақыруы мүмкін.

USA Today-дегі әріптестеріміз 2020 жылы жазған фактчекиң материалда алюминий ыдыс пен фольга адам денсаулығына зиян деп жазылмаған. Бірақ олар тағамдағы алюминийдің жүйке ауруы мен қатерлі ісіктің пайда болуы мен асқыну қауіпі туралы зерттеу жүргізген. Редакция Кентуки университетінің токсикология профессоры, доктор Роберт Йокелюге жүгінген. Ол өз кезегінде алюминий фольга мен алюминий ыдыстан тамаққа белгілі бір мөлшерде алюминий түсетінін айтқан және бұл процесс ащы азық-түліктерде көбірек жүреді. Бірақ қауіпті екені бұрыс деп танылған.

Адам денесі тамақтағы немесе ауыз судағы 1% алюминийді сіңіріп алады. Бұл заттың 95%-і бүйрек арқылы шығады. Алюминийдің көп бөлігі 24 сағат ішінде ағзадан шығады. Орта есеппен ересек адам шамамен күніне 7-9 милиграмм алюминий қабылдайды. Бұл мөлшер қоршаған ортаның, тамақ қабылдау мен қолданатын ыдыс-аяққа байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. FDA да (АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлы қадағалау басқармасы), Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы да бұл мөлшердің ересек, дені сау адамға қауіпті екенін теріске шығарды.

USA Today материалынан

Оған қоса ерекше оқиғалар да жазылған.

«Егер кез келген нәрсені шамадан тыс қолданса, уға айналуы әбден мүмкін. У мөлшермен есептеледі», – дейді профессор Йокель басылымға. Материалда жасы егде тартқан, бүйрегі нашар жұмыс істейтін адамдарда деменция мен энцефалопатияның алюминийге байланысы бар екені анықталған. Яғни, бүйрегі ауыратын, нашар жұмыс істейтін адамдарда алюминий ағзаға жинала береді. 

2020 Annals of Science and Technology журналына шыққан «Алюминий ыдыстың күнделікті тіршілікте пайдалану және оның адам денсаулығына қауіпі: шолу» деген ғылыми мақалада қазіргі зерттеушілердің шешімі жазылған және шағын, арзан өндірісте жасалған ыдыстардың құрамындағы қорғасын, кадмий, күшәләнің болуы мүмкін екені, осы заттардың зияны, сонда-ақ зерттеушілерге сілтеме жасап, тағамға бұл заттардың бөлінуін тоқтату үшін біртіндеп анодталған алюминий ыдыстарды қолдануды ұсыну туралы жазылған. 

Анодталған алюминий ыдыстары алюминийді жабыспайтын материалдармен біріктіру арқылы жасалады, оған политрифторэтилен сияқты тағамдық пластик қабатымен жабу арқылы қол жеткізеді. Анодталған алюминий полимерді инфузиялау процесінен өтеді, бұл оған жабыспайтын қасиет береді, сонымен қатар ыдыстарды сызаттарға төзімді етеді. Алюминий ыдыстарын өндірудегі легирленген металлдардың көзі, сонымен қатар пісіру процесінде ыдыс-аяқтан шайылып кетуі мүмкін ауыр металдардың әсерін азайту үшін мұқият тексеріліп, реттелуі керек.

Зерттеуден цитата

Сондай-ақ былай жазылған: қорғаныш қабатына уақыт өте сызат түсуі мүмкін және қорғаныш функциясы жоғалуы ғажап емес.

Дамушы елдерде балқытылған алюминий ыдыстарының (яғни, негізінен алюминий сынықтары) зиянды әсері туралы «Қайта өңделген алюминий ыдыстары: ресурстары шектеулі елдерде өсіп келе жатқан қоғамдық денсаулық мәселесі» (BMC Public Health, 2020) зерттеуінде де айтылған.

Канада үкіметінің сайты алюминийдің тозған ыдыстардағы тағамға оңай енетінін хабарлайды. Сондай-ақ металл концентрациясы тағамның пісіру ұзақтығы мен қышқылдығына байланысты: жапырақты көкөністер, қызанақ және цитрус жемістері алюминийді көбірек сіңіреді. Бұл жерде анодталған ыдыстың артықшылықтары туралы да айтылады.

«Алюминий қышқыл ерітіндісіне салынып, электр тоғына ұшыраған кезде алюминий бетіне алюминий оксиді қабаты тұнбаға түседі. Бұл процесс анодтау деп аталады. Анодталған алюминий ыдыстары жылуды кәдімгі алюминий сияқты өткізеді, бірақ қатты жабыспайтын беті бар, бұл оны сызаттарға төзімді, берік және күтімді жеңілдетеді. Анодтау сонымен қатар алюминийдің ас үй ыдыстарынан тағамға, әсіресе қызанақ пен рауғаш сияқты қышқыл тағамдарға сілтіленуін азайтады»,  – деп жазылған.

Сондай-ақ, канадалықтар негізінен тамақ арқылы күніне орта есеппен 10 миллиграмм алюминий тұтынады. Алюминий ыдыс-аяқ жалпы мөлшерден бір-екі миллиграмм ғана бөледі, ал ДДСҰ ересектер күніне 50 миллиграмнан астам алюминийді зиянсыз тұтынуы мүмкін деп есептейді.

Бұл ақпарат шешім шығаруға жеткілікті деген ойдамыз.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz