Алаяқтық | Қаржы министрлігі «ҚР төлемдерін» енгізді

Желтоқсанда қазақстандықтар қолданатын Желіде «Қаржы және әлеуметтік қорғау министрлігі» енгізген «тұрақты төлемдер» туралы хабарлама тарап кетті. Бұл үшін қазақстандықтар жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізсе болғаны-мыс. 

Развод | В Министерстве финансов ввели «выплаты РК»

Оқырмандардың өтініші бойынша Factcheck.kz редакциясы бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтады.

Үкім: Алаяқтық

Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тараған ҚР төлемдерін енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл адамдарға қармақ салып, жеке мәліметін жинау тәсілі сияқты. 

Ақпараттың фейк екенін тексеріп көрейік:

  1. Шындық деп қабылдауы үшін Қазақстандағы ең танымал порталдардың бірі –NUR.kz-ті қолданған. Алайда байқампаз қазақстандықтар бұл жерден ақпарат таратушылардың қателігін көреді – infonurkztoday.com домені желіде жоқ. 
  1. Қазақстанда «Қаржы және әлеуметтік қорғау министрлігі» жоқ. Қаржы министрлігі мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бар. Бұлардың ресми сайттарында төлем туралы бірде-бір ақпарат таба алмадық. Қазақстандағы министрліктердің тізімін мына жерден көруге болады. 

Бүгінде Желіде «қаржылық көмек» алу үшін жеке мәліметтерін сұрайтын алаяқтық хабарламалар – ең танымал әдіс шығар. Бұның бәрі бір тәсілмен жасалған. Әлеуметтік желіде мемлекет азаматтары үшін төлем енгізгені туралы жарнама шығады немесе хабарлама келеді. Жалған сайтқа сілтеме қойылады, ол жерде ЖСН, телефон нөмірі, банк картасының нөмірі сияқты жеке мәліметтерді енгізуді сұрайды.  Сенімді көрінуі үшін бұл хабарламаны белгілі бір министрлік, тіпті кейде Қазақстан президенті жазғандай етіп көрсеті, ал сайттың өзінде «ақша алған» фейк пікірлер толып жатады. 

Мысалы, stopfake.kz деген жалған ақпаратпен күресетін мемлекеттік ресурс дәл осындай ЖСН енгізген соң беретін қаржылай төлем туралы фейкті сараптап жазды. Бұл хабарламада алаяқтар қазақстандықтарға ОКЦ ВНДС (Төленбеген ақшаны қайтарудың ресми өтемақы орталығы) деген сайтта ЖСН және банк мәліметтерін енгізуді ұсынған. 

2020 жылы да жаңа жыл алдында қазақстандықтарға төленген ҚҚС сомасын қайтаратыны туралы хабарламалар тарап кеткен болатын. 

Сондай-ақ маңызды ақпарат айта кетуіміз керек, алаяқтар өз құрбанына вирусы бар сілтемеге өткізу арқылы оның құрылғысына немесе жеке мәліметтеріне қол жеткізуі мүмкін. Сілтемеге өткен қолданушы жеке мәліметтерді, оның ішінде электронды поштаның құпия сөзін және банк бағдарламаларындағы жеке кабинетіндегі мәліметтерді алаяқтарға жіберетін қауіпті бағдарламаны жүктеп алады. 

Қандай төлемдерді онлайн түрде алуға болады?

Қазақстандықтар қазір мемлекет тарапынан 10 түрлі жәрдемақы мен әлеуметтік қызмет алуына болады:

Әлеуметтік көмек алу үшін белгілі бір құжаттарды ұсыну керек. Барлық жағдайда да кіріс туралы, жеке мүлік немесе екеуі туралы ақпарат сұрайды. Төлем түріне байланысты нақты талаптар болуы мүмкін.

Сіздің жеке мәліметіңізді өзіңізге қарсы қалай қолданады?

Алаяқтар сіздің өз еркіңізбен жеке мәліметіңізді беруіңізді қалайды. Мысалы сіздің жеке шотыңыздағы ақшаны қолдану үшін оларға: банк картасының нөмірі, CVC коды (бан картасының екінші жағындағы үш цифрлы нөмір), картаның жарамдылық мерзімі, бағдарламаның құпия сөзі, PIN-код, банктен келетін СМС-тегі код немесе Push хабарлама керек.

Сіздің ЖСН-ңізді алаяқтар әртүрлі тәсілмен қолдануы мүмкін, оның ішінде телефон нөмірін тіркеу үшін де керек. Айта кету керек, Қазақстанда SIM-картаны тікелей байланыс операторынан немесе олардың диллерінен (жеке кәсіпкерлер) сатып алуға болады. Алаяқтар көбіне диллерлерден немесе OLX-тегі хабарламадан алады. Кейін сол нөмірді ЖСН арқылы тіркейді. 

Сіздің ЖСН-ңізге қанша нөмір тірлкелгенін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасаған арнайы сервистен көруге болады. «ЖСН-ға тіркелген мобильді нөмірлерді тексеру сервисі» бөлімінде ЖСН-ді енгізіп, тексеру түймесін басыңыз. Егер сіз өз ЖСН-ңізге тіркелген нөмірлерден күдіктенсеңіз, бірден байланыс операторға хабарласып, түсіндірме талап етіп, керек емес нөмірлерді жауып тастауға тырысыңыз. 

Сондай-ақ ЖСН-ге абоненттік құрылғыларды да тіркеуге болады. Бір ЖСН/БСН-ге тіркелетін абоненттік құрылғылардың (мобильді телефон, планшет, модем, Wi-Fi роутерлері, смарт-сағаттары) санына шектеу жоқ. Бірақ құрылғыны тіркеу үшін алдымен жұмыс істеп тұрған SIM-карта салу керек.

Айта кетуіміз керек, ЖСН – ешкімге көрсетуге болмайтын жеке мәліметтерге жатады. Жеке басыңыздың мәліметін жарыққа шығармау үшін, оны ешкімге көрсетпей, құпия сақтаған жөн.

ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес, дербес деректер – аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, телефоны, фото, бейнематериалдар, физиологиялық ерекшеліктері және басқаларын анықтауға болатын мәлімет. Қолжетімділік бойынша дербес деректер: жалпыға қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді.

ЖСН арқылы несие немесе микронесие алуға бола ма?

Бүгінде алаяқтар үшін ЖСН, жеке куәлік нөмірі, телефон нөмірін білу – екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдардан несие алуға жеткіліксіз. 

Мысалы, электронды түрде микронесие алу үшін адамның жеке басын анықтау қажет:

  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен;
  • «Қазақстан Ұлттық Банкінің банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК ЦОИД (сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы) сервисін пайдалана отырып, Қарыз алушының биометриялық параметрлеріне сәйкестігі;
  • нақты уақыт режимінде қарыз алушының дербес деректері мен бейнесін екі факторлы тексеру арқылы;
  • ұялы байланыс операторларының деректерімен салыстыру арқылы (аутентификация «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы клиенттердің ұялы телефон нөмірлерінің базасында оның ЖСН-ін салыстыру арқылы абоненттік нөмірдің клиентке тиесілі екендігін тексеруді қамтамасыз етеді).

Дәл осындай тексеріс екінші деңгейлі банктердің онлайн-несие берген кезінде де болады. 

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz