Тоқаев экономиканы қалпына келтіру үшін ақша таратып жатыр ма?

WhatsApp-та “Тоқаевтің экономиканы қалпына келтіру үшін азаматтарға қаржылық көмек туралы жоспары” тарап жатыр. Жоспар бойынша әрбір ҚР азаматына ең кемі 193 817 тг беріледі екен-міс. Оны алу үшін қарапайым ғана сайтқа кіріп, тіркелу керек. Оқырмандмрдың сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Тоқаев экономиканы қалпына келтіру үшін ақша таратып жатыр ма?

Үкім: Фейк

Біріншіден, Тоқаев ешқандай да нормативтік құқықтық акт не қаулы қабылдаған жоқ. Ұқсас ақпаратты Akorda.kz сайтында не басқа да ресми ресурстардан табу мүмкін емес. Екіншіден, сілтемедегі домен түсініксіз әрі ешқандай да ресми сайт емес. Қазақстандық ресми домендерге тиесілі “gov” не “kz” мекен-жайда орналаспаған.

Қорытындылай келе…

Әлеуметтік желілерде, WhatsApp-та республикалық әрі қоғамдық маңызды оқиғалар, сайлау науқандары, жиындар және дағдарыс кезінде көп фейк тарайды. Соған байланыстты біз төмендегідей кеңестер ұсынамыз:

  • Фейк ақпарат көрсеңіздер бізге жіберіңіз;
  • Егер де брендтің, танымал тұлғаның не мемлекеттік қызметкердің атын пайдаланса бірден ақпаратты ресми сайттан қараңыз, қоңырау шалыңыз, ақпараттың рас-өтірігін анықтауға тырысыңыз;
  • Сілтемелерді ашпас бұрын Ps.kz немесе Who.is сияқты домендер базасы арқылы міндетті түрде тексеріп көріңіз: қашан, қайда тіркелгенін, артында кім тұрғанын анықтайсыз;
  • Әдетте жалған сілтемелер мен сайттардағы дизайн ресми сайттағысына ұқсаc, ал логотипті қалай болса солай пайдалана береді, сондықтан сыни қараңыз және бірден сенудің қажеті шамалы;
  • Республикалық әрі қоғамдық маңызды оқиғалар, сайлау науқандары, жиындар және дағдарыс кезінде фото-видео мен аудиолар көп тарайды. Сол үшін де Google және Yandex-тің суретті кері іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз;
  • Ең маңыздысы! Ақпаратты оқығандп мұқият болыңыз, хабарламалар алсаңыз оны таратуға асықпаңыз. Тек Сіз фейк ақпаратты тоқтата аласыз. Қиын түгі де жоқ. Сыни ойлаңыз, тексеріңіз, сараптаңыз!

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz