Зомби-фейк | “Kaspi қосымшасы айыппұл арқылы ақша шешіп алады”

Бірнеше күн бұрын WhatsApp-та Kaspi.kz мобильді қосымшасында “адамдарға айыппұлдар (штраф – авт.) салып, мобильді қосымшаға шектеу қойып жатқаны” туралы ақпарат тарап жатыр. Аудиохабарламадағы ақпаратқа сай, банк қосымшасындағы ақшаны шешіп алады-мыс.

Factcheck.kz мессенжерде тараған ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Зомби-фейк | "Kaspi қосымшасы айыппұл арқылы ақша шешіп алады"

Мынадай Kaspi-ге келіп жатыр екен елдерге. Осындай штраф (айыппұл – авт.) келді, ограничение (шектеу – авт.) салынды деп. Соны байқаңыздар. Мынау көкпеңбек “Подробнее об ограничении” (“Шектеу туралы толығырақ” – авт.) дегенді вообще баспасын. Басса бітті сразу Kaspi-ынан қанша ақша тұр, соның бәрін шешіп алады екен. Соны абайлаңыздар. Осы сурет пен мен жіберген голосовойды (аудиохабарламаны – авт.) ауылдың группаларына таратыңыздар.

Аудиохабарлама мазмұны редакцияланбай берілді.

Үкім: Зомби-фейк

Factcheck.kz сайты бұл ақпаратты алғаш рет қаңтар айынан бастап тарағандығын, ақпараттың фейк екені бұған дейін де медиада жарияланғанын анықтады. Сонымен қатар, Kaspi.kz әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты “Суретте көрсетілгендей “Шектеу туралы толығырақ” батырмасын басқанда банк шотындағы ақша шешіліп алынбайды, тек шектеу туралы толық ақпарат қана көруге болады” деді.

Зомби-фейк | "Kaspi қосымшасы айыппұл арқылы ақша шешіп алады"
Kaspi.kz банкінің жауабы

Контекст

2023 жылдың сәуір айында Kaspi шотындағы ақшаны тез арада шешіп алу керек, алдағы уақытта проблемалар болады деген сарында ақпарат тараған болатын. Factcheck.kz бұның да фейк екенін анықтаған.

Фейк | “Kaspi шотындағы ақшаны дереу шешіп алу керек”

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz