Жасанды интеллектіні бизнесте қолданудың артықшылығы мен кемшілігі

Жасанды интеллект сан түрлі саланың бәріне дерлік еніп үлгерді деуге болар, оның ішінде кәсіпкерлік те бар. Кез келген компания кәсібін автоматизациялауға ұмтылады. ЖИ жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, қомақты қаржы табуға да көмектеседі. Дегенмен көп жағдайда адамдар бұған күмәнмен қарайды: расымен жұмысты жеңілдете ме, әлде ЖИ-дің бизнеске енгізудің көлеңкелі тұсы бар ма?

Компаниялар қалай және не үшін бизнеске ЖИ енгізеді?

Жасанды интеллектіні бизнеске енгізгенде кәсіптің көкжиегі кеңіп, процестер оңтайланады, қызмет көрсетудің сапасы мен пайдасы арта түседі. ChatGPT сияқты заманауи ЖИ технологиялар мәтіндік контенттен бастап аудиторияға талдау жасап, таңдап алуға дейінгі кең ауқымды мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде бизнестің дамуына керек мықты қару екені анық. 

Нейрожелілерді дұрыс пайдалансаң, процестерді оңтайландыру мен кірісті көбейтуге бағытталған жұмыстың арқасында бәсекелестеріңнен бір қадам алда болуға, сатып алушыларға ашық әрі ыңғайлы болуға, сондай-ақ уақыт пен бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді.

Барынша көп пайда көру үшін интеллектуалды технологиялардың барлық спектрін (1, 2), соның ішінде машиналық оқытуды, табиғи тілді өңдеуді және т.б. енгізуді қарастырған жөн. Дегенмен, тіпті, ЖИ-ді бірінші рет қолданатын компаниялар да оның арқасында айтарлықтай жетістікке жетуіне әбден болады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, жасанды интеллект технологиясын дұрыс қолдана отырып, компаниялар төмендегідей мүмкіндікке ие болады (1, 2, 3):

  • жұмыс сапасын арттыру және тәжірибе жинақтау;
  • жасанды интеллект жүйелері дұрыс орнатылған жағдайда қателер мен «адам факторынан» аулақ болу;
  • когнитивті технология нәтижелеріне негізделген бизнес шешімдерін қабылдау жылдамырақ жүру;
  • деректердің үлкен көлемін талдау;
  • сату мүмкіндіктерін барынша арттыру.

Жасанды интеллект еңбекті қорғаудан бастап несиелік скорингке, бағаны автоматты түрде таңдауға дейін әртүрлі салада қолданылады, бұл табысты арттыруға және компаниялардың жұмысын жақсартуға ықпал етеді. Мысалы, виртуалды көмекшілер кіріс қоңырауларды қатесіз өңдей алады, бұл байланыс орталықтарындағы жүктемені айтарлықтай азайтады және тұтынушыларға қызмет көрсету тиімділігін арттырады. Сондай-ақ бұл хабарламаларды жіктеуге, бәсекелестерді автоматты түрде тануға және талдауға көмектеседі, бұл қызметті жақсарту және ассортиментті кеңейту үшін маңызды.

Netflix компаниясы пайдаланушыларға арнайы ұсыныс жасау үшін нейрон желілерді пайдаланады, пайдаланушылар не қалап тұрғанын білу үшін, олардың бұдан бұрын не көргеніне қарап болжайды. Бұл пайдаланушылардың қанағатын арттыруға және оларды қызықтыратын контентті ұсына отырып, олардың назарын аударуға мүмкіндік береді. Мұндай технологияларды басқа ірі компаниялар да қолданады.

Мысалы, Tesla автопилоттық жүйелерді жасау үшін ЖИ-ді пайдаланады, бұл автомобильдерге өзін-өзі басқару, автотұраққа қою және жол жағдайларына бейімделу сияқты функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Бұл көлік жүргізудің қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады. MARKETSPLASH мәліметтері бойынша, ЖИ 2030 жылға қарай 15,7 триллион долларға дейін үлес қосып, әлемдік экономикаға айтарлықтай әсер етеді деген жоспар бар.

McKinsey&Company компаниясының Орталық Азиядағы басқарушы серіктесі Дулатбек Икбаев Forbes Kazakhstan басылымының сайтындағы авторлық бағанда бизнесте генеративті ЖИ пайдалануды талдап жазады және нарық көшбасшылары бұл технологияларды шығынды азайту және жаңа табыс көздерін құру үшін пайдаланып жатқанын атап өтеді. Сонымен қатар табысты компаниялар дәстүрлі құралдар мен ЖИ-ді бизнес функцияларын орындау үшін қосарлап пайдаланытынын да айтқан. Бұл жердегі басты қауіп – ЖИ-ке қатысы бар қауіпке бей-жай қарау, себебі көптеген компаниялар ЖИ қауіпіне мән бере бермейді.

Бизнеске ЖИ енгізудің қандай қатері бар?

ЖИ-ді бизнеске енгізудің негізгі кемшілігінің бірі – ЖИ пайдаланатын деректердің қол жетімділігі. Олар әртүрлі көзге шашыраңқы болуы мүмкін, авторлық құқықпен немесе құпиялылықпен қорғалған және техникалық шектеулерге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Сонымен қатар деректер қате, бұрыс, көшірме немесе ескірген болуы мүмкін.

Тағы бір қиындық – дағдының жетіспеуі және жасанды интеллект шешімдерін тиімді орналастыру және пайдалану үшін қажет тәжірибесі мен дайындығы бар техникалық мамандардың болмауы. Зерттеулер машиналық оқыту дағдылары бар мамандардың жетіспеушілігін айтып жүр.

Технологияның құны – жасанды интеллект технологиясын сатып алудың тағы бір маңызды факторы. Кәсіпорындар көбінесе аутсорсиңге жүгінуі керек, өйткені олар мұны өзі істей алмайды. Күрделілігіне байланысты смарт технологиялар қымбат болуы және компания жөндеу және ағымдағы техникалық қызмет көрсету үшін қосымша шығындарға ұшырауы мүмкін. Деректер модельдерін оқытуға арналған есептеу шығындары және т.б. тағы шығынға әкеп соғады. ЖИ қолдану нәтижесінде қауіпсіздік пен құпиялық саласында қиындық тууы мүмкін. ЖИ-ді бизнесте қолдану кезінде этикалық мәселелер де шығуы ықтимал, оның ішінде нейрожелі жұмысының ашықтығы мен түсіндіруін қамтасамыз ету, әділдік пен дисркиманцияны болдырмау, жеке деректерді сақтау да бар. Оған қоса автоматизацияның жұмыс орындары мен қоғамға әсерін түсіну керек, инновация мен әлеуметтік жауапкершілікті қатар ұстанған абзал.

Мақаланы Astana IT University-дің цифрлы журналистика факультетінің 3-курс студенті Аружан Қонарбаева жазды

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz