Петропавлда «патриоттық баннерлерге» 83 млн теңге жұмсамақ

Жуырда мемлекеттік сатып алу порталында Петропавл әкімдігінің үкіметтің халық үшін жасаған жұмыстары жазылған баннерлер ілу туралы хабарламасы көзге түсті. Factcheck.kz редакциясы Петропавл билігі қазақстандықтардың патриоттығын арттыруға қанша ақша жұмсауға ниетті екенін және мұнда қандай гәп бар екенін тексеріп көрді.

Патриотизмнің құны – 83 миллион

Мемлекеттік сатып алу порталында Петропавлда жарнама баннерлерін орнату бойынша хабарлама 12 қаңтар күні пайда болды. Бүгінге дейін жеңімпаз анықталмаған. Қазір 2 ақпанда аяқталатын тендер бойынша түскен өтініштер қарастырылып жатыр.

Порталдың мәліметіне сүйенсек, әкімшілік «тұрғындардың реформаға деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін», «мемлекеттік бағдарламаларға ақпараттық қолдау білдіру үшін», сондай-ақ «тұрғындар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау үшін» қаладағы жарнама баннерлерін ілуге 83 664 196 теңге жұмсамақ. Сипаттамада «қазақстандық патриотизм» тіркесі үш рет қайталанатынын айта кету керек. Тендер авторларының өзі негізгі мақсат – тұрғындар арасында пропагандалық жұмыс жүргізу екенін қысылмай жазады.

Баннерлердің ұзындығы 15 метр, ені 5 метр болуға тиіс. Техникалық сипаттамада жалпы саны көрсетілмеген. Тек баннерлердің жалпы көлемі ғана көрсетілген – 10 000 шаршы метр. Талаптарда әлеуметтік жарнаманы орнататын жердің мекенжайы да жоқ. Мұны тапсырыс беруші жазуға тиіс. Дегенмен баннерлер қала билбордтарында, аялдамалар мен әкімшілік ғимараттарда ілінетіні белгілі.

Одан бөлек, тапсырыс беруші қаладағы ту ілетін жерлерге 500 шаршы метр ту, жарық шамдарына ілу үшін 300 шаршы метр ту жасауға міндетті. Жұмыс аяқталған соң  орындаушы фотографиялар мен жазбаша есеп беруі керек.

Барлық баннер тапсырыс берушімен келісілген соң, 12 сағаттан кейін ілуінуі қажет екенін де айта кеткен жөн. Үш дана эскизді жасау мен келісімге келуі үшін өтініш түскен сәттен бастап бар-жоғы 5 сағат берілген.

Жаңа жыл – жаңа баға

Бір қызығы, Петропавл әкімшілігі мұндай тендерлерді жыл сайын, кейде тіпті жылына бірнеше рет ұйымдастырады. Мысалы, өткен жылы мұндай хабарламаның саны үшеу болған. Қаңтарда пропагандалық баннерлерді ілуге 78,3 млн теңге, тамызда35,7 млн теңге, ал қыркүйекте22,3 млн теңге жұмсалған. 2023 жылы «патриоттық» баннерлерді ілуге жалпы сомасы 136,3 млн теңге жұмсалған, олардың көлемі – 19 329 шаршы метр.

Мұндай жағдай 2022 жылы да болған. Сол жылы ақпанда билбордтарға 50,9 млн теңге бөлінген, ал қазанда26,7 млн теңге, қарашада35,7 млн теңге жұмсалған. Жалпы құны 113,3 млн теңге болса, көлемі – 16 000 шаршы метр. 

Ал 2021 жылы мұндай хабарлама екеу ғана болған. Ақпанда пропагандалық жұмыстарға 40,7 млн теңге, қарашада17,8 млн теңге бөлінген. Жалпы құны – 58,5 млн теңге, ал көемі – 11 300 шаршы метр. 

Бұл мысалдар тізбегінен түсінетініміз, жыл сайын пропагандалық баннерлерді басып шығару көбейіп келеді, соның себебінен оларды басып шығу мен ілуге деген қаржы саны да өсіп келеді. Одан бөлек, бұған қарап, биыл да осындай конкурстар бірнеше рет қайталанады деген күдік бар.

Баннерлер шешім емес

БАҚ-тағы ақпаратқа сенсек, Петропавлды «патриоттық баннерлермен» әрлеу тенденциясының тарихы тереңде жатыр. «Петропавловск News» басылымы осындай билбордтар 2011 жылдары да ілінгенін жазған.

Баннерлердің мазмұны бір-бірінен аумайды деуге болады, басылған баннерлердегі хабарламалар тұрғындарды президент пен оның реформаларын қолдауға шақырып, «ішкісаяси тұрақтылықты» орнатуға бағытталған. Сонымен қатар кейде мұндай баннерлерде «оқы, оқы және оқы» деген сияқты лозунгтар немесе отпен ойнамау сияқты ескертулер де басылған.

Петропавлда «патриоттық баннерлерге» 83 млн теңге жұмсамақ
Фото: Петропавловск News

Басылым журналистері үкіметтің мұндай іс-әрекетін сынайды және бұл бекер емес. Себебі аймақтағы тұрмыстық-коммуналдық салада және басқа да шешілмеген проблемалар жетеді.

Осы қыста Петропавлда газ жеткізуде қиыншылық, жылытудың тоқтауы секілді қиын жағдайлар болған, соның кесірінен тұрғындар өз үйлерінде үсіп қалуға шақ қалды. Одан бұрын, қарашада, қалада кәріз коллекторындағы апаттан кейін жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланған-ды. Ал желтоқсаннан бері шамамен екі мың саяжайдың иесі қалай-болса солай жасалған қоқыс төгетін жер мен оған жануарлардың өлексесі және тұрмыстың қалдықтарын төгетінін айтып, мемлекеттік органдарға ондаған шағым жасаған.

Осыған қарап, баннерлер ішкісаясаи тұрақтылыққа түк көмектеспейтін сияқты. Былтыр жергілікті тұрғындардан құралған бір топ «Еңбекшілердің халықтық кеңесі» деген ұйым құрып, КСРО-ның жойылғанын мойындамай, Қазақстаннан тәуелсіз екенін айтып, егемендігін жариялады. Нәтижесінде қалалық сот төрт белсендіні сепаратистік ниеті мен билікті жаулап алуға шақыру баптары бойынша тоғыз жылға соттады.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz