Дүниежүзілік экономикалық форум жаңа пандемияның басталатынын болжады ма?

Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2023 жылғы қыркүйекте жаңа пандемияның басталатынын болжап, құжат жариялағаны туралы хабарлама тарады. Reuters фактчекерлері мұндай құжаттың бар-жоғын анықтады.

Әлеуметтік желі қолданушылары ДЭФ логотипі бейнеленген суретті таратып жатыр.

Дүниежүзілік экономикалық форум жаңа пандемияның басталатынын болжады ма?

Көрсетілген құжатта «екінші пандемияның» екі кезеңі және кей «бар вирустың» қалай тарайтыны егжей-тегжейлі жазылған. Ондағы ақпарат бойынша, COVİD-19 пандемиясы да жоспарланған. Ал жаңа пандемияның бірінші кезеңі 2023 жылғы 13 қыркүйекте басталуы керек.

Фактчекерлер тапқан құжат фотосының ең ерте нұсқасы QAnon қастандық теорияларын қолдайтын “Ұлы ояну” форумында жарияланған.

2023 жылғы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша да, құжатты ДЭФ жариялағанын растайтын ешбір дәлел де, жаңа пандемия туралы сенімді есеп те жоқ.

Дүниежүзілік экономикалық форумның БАҚ-пен байланыс бөлімінің басшысы Ян Зопф та бұл мәлімдемені «фейк ақпарат» деп атады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz