10 қарашада өткен Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавусқа байланысты соңғы уақыттағы халықаралық деректерді келтіріп, есеп берді. Қазақстандағы ауырғандар, өлгендер және вакцина салдырғандар саны бойынша мәлімдеме жасады. Factcheck.kz сайты министрдің мәлімдемелерін тексеріп көрді.
222 елдің әлемдік рейтиңіне сәйкес, Қазақстан коронавируспен ауырғандар саны бойынша 105-орында, өлім саны бойынша 101-орында. Ал, өткізілген ПТР тест саны бойынша 222 мемлекеттің ішінде 47-орынға жайғасқан.
Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі
Үкім: Дәлелденбеген
Коронавирусқа байланысты статистикалық деректер күнде жаңарып отыратындықтан, министрдің 10 қарашадағы айтқан мәлімлемесі нақтылықты көрсете алмайды. Алайда біз Our world in data-ның 10 қарашадағы мәліметімен тексергенімізде Қазақстан коронавируспен жалпы ауырған адамдар саны бойынша 38-орынға, өлім саны бойынша 42-орынға тұрақтаса, өткізілген ПТР тестінің саны бойынша 43-орында. Министрдің айтқан деректері worldometers сайтындағы мәліметтермен сәйкес келеді.
Қазіргі таңда әлемде 261,2 млн адам коронавируспен ауырса, 5,1 млн адам қайтыс болған (28 қараша).
Коронавирусқа қарсы вакцина жүргізілетін 205 елдің әлемдік рейтиңіне сәйкес, Қазақстан халықты вакцинаның екі компонентімен егу бойынша 105-орында және халық санының 41%-ке жуығын қамтыды.
Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі
Үкім: Шындық
Our World in data-ның 10 қарашадағы дерегіне сәйкес, Қазақстан халқының 40,7%-і вакцинаның екі компонентін толығымен алған және рейтиңде 105-орында.
Қазіргі таңда елімізде вакцинаның екі компонентін алған халықтың саны – 8 053 406 адамға жетті.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мен Әзірбайжан ғана халықты вакцинациялау процесі бойынша 40%-тен асты.
Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі
Үкім: Шындық
Our World in data-ның 10 қарашадағы дерегіне сәйкес, расымен де вакцинаның екі компонентін алған мемлекеттер тізімінде ТМД елдер арасында Әзірбайжан 44,6%-пен және Қазақстан 40,7%-пен кіреді.