Жануарлардан тек иттер адамның эмоциясын ажырата ала ма?

Желіде “ит — адамның ым-ишарасын, эмоциясын түсінетін жалғыз жануар” деген ақпарат тарады (1, 2, 3, 4). Factcheck.kz деректі тексеріп көрді.

Иесін күлкісінен тану

Иттердің адамның ым-ишарасын түсінетіні туралы бірнеше ғылыми зерттеу бар. Немістің Springer (Dogs can discriminate human smiling faces from blank expressions, Miho Nagasawa, Kensuke Murai, Kazutaka Mogi, Takefumi Kikusui, Springer Link, 2011) басылымына зерттеу жарияланған. Онда тоғыз итке иелерінің күліп тұрған және жай эмоциясыз тұрған фотосы көрсетілгені жазылған. Тоғыз иттің көбі жымиған иесінің суретін таңдаған.

2015 жылы Cell ғылыми журналына (Dogs can discriminate emotional expressions of human faces, Corsin A Müller, Kira Schmitt, Anjuli L A Barber, Ludwig Huber, Cell, 2015) да қызық ақпарат жарияланды. Ол зерттеуге қатысқан иттерге иесінің қуанып тұрған және ашуланған кезі бейнеленген фотосы көрсетілді. Қорытындысында иттердің иелерінің күліп, қуанып тұрған бейнесін тез танитыны анықталды. Оған қоса зерттеушілердің айтуынша, иттер есінде қалған иелерінің ым-ишарасын үйреніп жатқанда қолданады.

2016 жылы Лондон корольдік қоғамының (Dogs recognize dog and human emotions, Natalia Albuquerque, Kun Guo, Anna Wilkinson, Carine Savalli, Emma Otta and Daniel Mills, Biology letters, 2016) сайтынан да тағы бір зерттеуді табуға болады. Онда 17 итке талдау жасалған. Иттердің басқа иттердің де, адамдардың да эмоциясын ажыра алатыны белгілі болды.

Эмоцияны тек иттер сезе ме?

Үш ғалым понилардың адамның эмояциясын ажыратып-ажырата алмайтынын зерттеп көрді. Animals (Can Ponies (Equus Caballus) Distinguish Human Facial Expressions?, Katrina Merkies, Yuliia Sudarenko, Abigail J. Hodder, Animals, 2022) журналына жарияланған зерттеу актерлардың ашу, қуаныш, мұңаю сияқты сезімдер арқылы тәрбиелеген 20 пони туралы. Ғалымдар жануарлардың жүрек соғысының жиілігін, адамға қай көзімен қарайтынын бақылады. Понилар ашуланған адамға көбіне сол көзімен, ал қуанған адамға оң көзімен ұзақ қарайды. Соңында зерттеушілер понилар да адам эмоциясын біледі деген қорытындыға келді. Дегенмен понилардың реакциясына түрлі фактор әсер етеді.

Адамға ұқсайтын маймылдар туралы да айтпасқа болмайды. 2009 жылы Newsweek-қа қызық зерттеу (Do great apes use emotional expressions to infer desires?, David Buttelmann, Josep Call, Michael Tomasello, Developmental Science, 2009) жарияланды. Ғалымдар 17 шимпанзеге, бес бонобо шимпанзеге, бес гориллаға және бес орангутанға тәжірибе жүргізді. Эксперимент жасаған адам маймылға қарама-қарсы отырып, екі қорапты кезек-кезек ашып, әр ашқан сайын түрлі эмоция көрсетеді: біресе жиіркенді, біресе қуанады. Кейін маймылға осы қораптың бірін ашуға мүмкіндік береді. Маймылдың көбі адамның жымиып ашқан қорабын таңдаған болып шықты. Тағы бір зерттеуде маймыл зерттеушінің жүзім мен банан бөлігін ұстап отырған көреді. Кейін адам оларды ыдысқа салып қояды да, біреуіне жиіркеніп, біреуіне қызығып қарайды. Кейін біреуін жеп қояды. Осы зерттеуде маймыл адамның жиіркеніп қараған ыдысын таңдайды. Себебі ол адам жақсы эмоциямен қараған затты жеп қойды деп ойлайды да, қалғанын таңдауға тырысады екен.

Осылайша, “тек иттер ғана адамның эмоциясын түсінеді” деген жаңсақ пікір. Ит те, жануардың басқа түрі де адам сезімін ажырата алады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz