Зерттеу: Коронавирус инфодемиясы эпидемияның өзінен асып түсті

Ковид туралы жалған ақпараттың таралу қарқыны коронавирустың таралуынан да асып түсті. Мұндай қорытындыға РХШжМҚА-ның «Өзекті фольклор мониторингі» тобының және ӘДҒО-ның «Адам әлеуетін пәнаралық зерттеу орталығының» (Яндекс.Кью сарапшылар қоғамдастығының мүшесі) зерттеушілері келген. Авторлар Ресейдегі ең ірі іздеу жүйесінде қойылған сұрақтарды талдап, пайдаланушылар арасында жалған ақпараттың қайсысы ең танымал болғанын анықтаған. Осыған қоса зерттеушілер адамдар қай фейкті көбірек тексергенін білді.

Фейктердің таралуы және олардың түрлері

Авторлар 2020 жылдың басынан бастап 2021 жылдың мамыр айының ортасына дейін әлеуметтік желіде пайда болған 244 фейктің таралу динамикасын зерттеген. Олар коронавирусқа қатысты әртүрлі фейктерге байланысты 6 миллионнан астам пост пен репост тіркеген. Осылайша инфодемия эпидемияның алдында екені анықталды: мәселен «фейк» хабарламалардың көбі өткен жылдың ақпан айының ортасы мен наурыз айының соңында пайда болған. Ол кезде вирустың таралу қарқыны әлі төмен еді.

Адамдар іздеген сұрақтардың динамикасына сүйенсек, пандемияның басында белсенді түрде псевдомедициналық кеңестер, сондай-ақ коронавирусты теріске шығаруға байланысты қастандық теориялары мен жалған мәліметтер таралған. Алайда 2020 жылдың жазында олардың танымалдығы төмендеп кетті. Содан бері (екінші толқын басталған кезді қоспағанда, ол кезде псевдомедициналық фейктер қайта тарала бастаған еді) әлеуметтік желіде вакцинацияның зияны туралы жалған ақпарат таралып келеді. Олардың танымалдығы әсіресе өткен жылдың желтоқсан айында, яғни Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинация басталған кезде арта түсті. Дегенмен науқан басталғаннан 6 ай өтсе де, вакцинаның қаупі мен зияны туралы түрлі қауесеттер ешқайда кетпей тұр.

Зерттеу: Коронавирус инфодемиясы эпидемияның өзінен асып түсті

Яндексте ізделген танымал фейктер

Фейктің салыстырмалы танымалдығы дегеніміз – осы фейкті іздеу санының зерттелгендердің ішіндегі ең танымал фейкті іздеу санына қатынасы.

Вакцинаға қарсы фейктер

Псевдомедициналық кеңестер

Маскаға қарсы фейктер

Коронавирустың пайда болуы және таралуы

  • Коронавирус дегеніміз – біреудің қаруы 31,5
  • Коронавирус Синтия бактериясымен байланысты 21,4
  • Коронавирусты 5G мұнаралары таратады 16,4
  • Банандар коронавируспен жұқтырылған 12,9
  • Мұның бәрі фармацевтикалық компаниялардың қастандығы 3,4
  • Қытайдан келетін заттар қауіпті болуы мүмкін 2,2
  • Қытайлықтар коронавирусты уланған қағаздар арқылы жұқтырып жатыр 0,3

Пандемияның күнделікті өмірге әсері

  • Тікұшақтар білгісіз бір дезинфекция шашып жүр 21,9
  • Италиядан жолданған «Полинаның хаты» 16,8
  • Дәрігерлер пайда табу үшін «коронавирусқа» қатысты диагнозды бұрмалайды 5,8
  • Вакцинациядан бас тартқаны үшін жұмыстан шығару 1
  • «Еріктілер» уланған маскалар таратып жүр 0,5

Коронавирусты жоққа шығару

  • Коронавирус дегеніміз – кәдімгі тұмау 4,7
  • Біз бәріміз бұған дейін ауырып алдық 0,9

Басқа

Фейктерді тексеру

Егер адам интернеттен фейк ақпарат іздесе, ол оған сенеді деген сөз емес. Адамдардың іздеген сұрақтары арқылы пайдаланушыны нақты не қызықтырғанын айту қиын. Мысалы [Билл Гейтс коронавирусқа демеушілік етеді] деген сұрау осындай қастандықтың бар екеніне шынайы алаңдаушылықты немесе жай ғана қызығушылықты білдіруі мүмкін.

Дегенмен анық сөз тіркестері де бар, онда ақпаратты тексеруге деген ықылас бар екені бірден көрінеді. Мұндай «тексерулер» көбіне өзекті тақырыптармен байланысты болып шықты: [алиэкспресспен келген заттар арқылы коронавирус жұқтыру мүмкін бе], [коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқан үшін жұмыстан шығаруға құқылы ма], [коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке әкелуі мүмкін бе], [коронавирусқа қарсы зімбір көмектесе ме, жоқ па], [коронавирусқа байланысты банан жеуге бола ма, ресми дереккөз].

Төменде адам үшін тікелей практикалық салдары жоқ фейк сұратулар тексерсінің мысалдары келтірілген. Оның арасында Синтия бактериясы немесе Билл Гейтс және «алтын миллиард» туралы жалған ақпарат бар.

Жиі тексерілген фейктер

«Шындық па, жалған ба», «рас па, фейк пе» деген сөздерден тұратын сұратулар үлесі бойынша топ-10 фейк.

1. Қытайдан келетін заттар қауіпті болуы мүмкін
2. Вакцинациядан бас тартқан үшін жұмыстан шығару
3. Вакцина бедеулікке және басқа да ауруларға әкеледі
4. Сарымсақ суын ішу керек
5. Коронавирус дегеніміз – кәдімгі тұмау
6. Арақ буымен дем алу керек
7. Зімбір жеу керек
8. Банандар коронавируспен жұқтырылған
9. Вакцина құрамында зиянды металдар бар
10. Масканы тағу зиянды

Зерттеудің практикалық пайдасы

«Яндекс.Кью» қызметінің жетекшісі Тоня Самсонова зерттеуге қатысты былай дейді:

Инфодемия да эпидемия сияқты: оны жеңу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Адамдардың сыни ойлау мен ақпаратты тексеру дағдыларын дамыту керек. Бірақ бұл өте ұзақ процесс. Енді қазір не істеуге болады десеңіз: Интернеттегі фейктерді тексеруге тырысқан адамдарға барынша көмектесу керек, олар ақпаратты енді іздей бастаған кезде оны ұстап алып, сенімді әрі тексерілген ақпаратқа бағыттап жіберу қажет.

Біз қазір дәл осыны істеуге тырысып жатырмыз: біз антропологтардың адамдар тарататын мифтері туралы мәліметтерін алып, Яндекс.Кьюдің «Орыс тілді фактчекерлер альянсы» атты сарапшылар қауымдастығынан осы мифтерді тексеріп, талдап беруді сұраған едік. Енді Яндексті пайдаланушы адам ақпарат іздеп, ковидке байланысты фейкке тап болса, онда ол бірден теріске шығаратын ақпаратты көреді.

Қазақстандағы жағдай қалай?

Естеріңізге сала кетейік, біз қазақстандық пайдаланушылардың фактчекинг контентті іздеуге байланысты сұраулары мен сұраныстарына қатысты өз талдауымызды жүргізген едік. Өкінішке қарай, біздің жұмыс соншалықты ауқымды емес, алайда одан да біраз дүние түсінуге болады. 2020 жылғы қорытынды бойынша біздің топ ресейлік әріптестеріміздікіне ұқсас болып шықты. Алайда біздің елде алғашқы орындарда басқа фейктер тұр:

1. Адренохром туралы қастандық теориясы
2. Коронавирус дегеніміз – вирус емес, бактерия және ол тромбозға әкеледі, ал оны аспиринмен емдеу керек
3. Коронавирусты сода ингаляциясымен емдеу

Дегенмен қазақстандық аудитория арасында да сарымсақ суы, Синтия бактериялары, зімбір мен лимон шырынын сияқты фейктер аса танымал болып шықты. Осы ретте көптеген жалған ақпарат ескі еді, бірақ пандемия кезінде олар қайта қарқын алды. Назарларыңызға кейбір ескі теориялар мен фейктерге қатысты іздеу сұрауларының 5 жыл ішіндегі жағдайын ұсынамыз.

Сондай-ақ соңғы жылы Қазақстанның аймақтары бойынша кейбір аса тынмал фейктердің таралу ауқымына назар аударамыз (бұл тек бір іздеу машинасының деректері екенін және Қазақстан бойынша олар толық көлемде емес екенін ескеру қажет).

Зерттеу: Коронавирус инфодемиясы эпидемияның өзінен асып түсті

График көрсетіп тұрғандай, сарымсақ суы туралы ақпаратты Ақтөбе облысындағы Google пайдаланушылары іздемеген. Алайда адренохром туралы конспирологиялық теорияға қызығушылық ШҚО-да сияқты барынша жоғары болған.

Factcheck.kz