Фактчек | Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы Ресей дәрігерлері қауымдастығының отырысы

7 маусымда вакцинацияға қарсы адамдар үшін маңызды оқиға болды. Нақты айтсақ, «Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы Ресей дәрігерлері қауымдастығының отырысы» өтті. Бұл іс-шара «А если честно» («Шынын айтқанда») YouTube-арнасында онлайн көрсетілді. 100 мың жазылушысы бар арнаның тікелей эфирі 250 мыңға жуық қаралым жинады. Қатысушылар көрермендерді Роспотребнадзорға, РФ Денсаулық сақтау министрлігіне, басқа да мемлекеттік органдарға және РФ президенті Владимир Путиннің атына жолданатын мәжбүрлі вакцинацияға қарсы қарарға қол қоюға шақырды.

Қарар Ресейді қайта жаңғыртудың жалпы халықтық одағының сайтында жарияланды. Қазіргі кезде ол жерде 26 мыңнан астам қол жиналған, соған қарағанда арна жазушыларының көбі үндеуге құлақ аспаған сияқты. Алайда осыдан кейін әлеуметтік желі мен чаттарда «Басталды!» деген тақырыппен неше түрлі хабарламалар тарай бастады. Екпеге қарсы тарап өткен іс-шараның өзіндік қорытындысын шығарып, негізгі тезистерді (көбіне қате) бөлісе бастады.

Фактчек | Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы Ресей дәрігерлері қауымдастығының отырысыФактчек | Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы Ресей дәрігерлері қауымдастығының отырысы

Спикерлер өз сөзінде бұрыннан бар жалған мәлімдемелерді де (мысалы, тимеросал, полиовакцинадағы sv40 вирусы, КПК-дағы түсік жасатушы ұрықтың жасушалары және сіреспе вакциналарында АХГ гормонын тапқан кениялық діни қызметкерлер туралы – осы айтылғандарды теріске шығарған мақалалардың сілтемесін бірден берейік – ескерт. Авт.), қазіргі уақытта өзекті болып кеткен жаңа мәлімдемелерді де келтірген (мысалы, Билл Гейтс, вакциналар және ДДҰ туралы). Олардың айтқан сөздерінің арасында жаңа әрі аса қызықты мәлімдемелер де бар. Бұл хабарламалардың кең таралып кетуіне байланысты біз ондағы ақпарат пен оған қатысты баяндама жасаған спикерлердің кей сөздерін тексеруді, сондай-ақ олардың өмірбаянымен танысып көруді жөн деп шештік.

Алдын ала шыққан қорытындылар

– Іс-шараға қатысушылар жасаған мәлімдемелердің көбі жалған немесе олар ақпаратты манипуляциялаған. Біз бірде-бір шынайы мәлімдеме кездестірмедік.
– Қатысушылардың өздері медицинада даулы немесе мойындалмаған көзқарастарды ұстанады, түрлі түсініксіз теорияларды жақтайды, түсініксіз ғылымға еш қатысы жоқ мекемелердің (Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы сияқты), сондай-ақ күмәнді қоғамдық ұйымдардың мүшесі.
– Спикерлер келтірген мәлімдемелер көбіне үгіт-насихат сипатына ие және ешқандай нақты фактілермен расталмайды. Былайша айтқанда, бұл олардың қиялы ғана, алайда көрермендер арасында негізсіз қорқыныш тудырып, рационалды ойлауға кедергі жасайды.

Мәлімдемелерді талдап көрейік

Бұл вакцина адамдарға тексерістен және тестілеуден өтпей енгізіледі. COVID-19 вакцинасын сынақтан өткізу үшін ондаған жыл қажет. Осындай уақыт өткеннен кейін ғана біз оның қаншалықты қауіпті немесе қауіпсіз екенін біліп, оның жанама әсерлері туралы айта аламыз.

Италиялық профессор Стефано Монтанари

Үкім: Жалған

Біріншіден, тестілеу ДДҰ қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Қазіргі кезде уақыт өте аз, алайда мұндай жағдай да ережеде көрсетілген.

Екіншіден, спикер вакциналарды сынақтан өткізу мерзімін айтарлықтай көп қылып айтқан. Кей жағдайда вакцинаны жасап шығаруға бар-жоғы 5-6 ай кетеді. Алайда COVID-19 жағдайында (маусымдық тұмаумен салыстырғанда) негізгі мәселе қоздырғыштың өзінде (нақты айтсақ, бета-коронавируста) болып тұр. Бұл туралы медицина өкілдері де, вакцина жасаушылар да бірнеше рет айтты. Осыған қоса клиникалық зерттеулер жүргізу мен нәтижелерді зерттеудің өзі қиын, ал қатысушылардың инфекцияны тез жұқтырып алу ықтималдығын болжау оңай болмай тұр.

ДДҰ да, БАҚ өкілдері де COVID-19-ға қарсы жасалып жатқан вакциналар жайында да, кандидат вакциналарды сынақтан өткізу кезеңдері туралы да кеңінен ақпарат таратып отырды. Қазіргі кезде, яғни пандемия жарияланған сәттен бастап 3 айдан астам, ал Қытай белгісіз аурудың басталғаны туралы хабарлағаннан кейін 6 айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында дүниежүзі бойынша клиникалық зерттеулерден 10, ал клиникаға дейінгі зерттеулерден 126 вакцина сынақтан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ДДҰ-ның вакциналарды клиникалық бағалау нормалары бойынша нұсқаулығына сәйкес, клиникаға дейінгі зерттеулер зертханалық жағдайда in vitro (яғни, пробиркада, жасушалық деңгейде) немесе жануарларды пайдаланатын in vivo әдісімен жүргізіледі. Клиникаға дейінгі және зертханалық зерттеулерде жаңадан жасалған вакцина мен оның өндірісі туралы нақты мәліметтер, сондай-ақ бақылау сынақтары туралы егжей-тегжейлі есептер болуы керек. Себебі осыдан кейін оларды адамдарға қолданып, клиникалық зерттеулер жүргізілетін болады.

Осыдан кейін кез келген жаңа вакцина адамдарға қолданылады, бұл клиникалық сынақтардың өзі 3 кезеңнен тұрады: I кезең – вакцинаны тестілеу, оған дені сау ересек адамдар (мысалы, 20 адам) қатысады. Бұл кезеңде вакцинаның жалпы қасиеттері, төзімділігі, клиникалық өзгерістері мен фармакологиялық параметрлері тексеріледі. Алайда I Кезеңнің басты мақсаты – препараттың қаншалықты қауіпсіз екенін тексеру. II кезеңде сынаққа қатысушылар саны артады. Ондағы мақсат – популяцияға қажетті (иммуногендік) әсер туралы алдын ала ақпарат алу және жалпы қауіпсіздігін тексеру. Вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін толық бағалау үшін III кезең барысында көп сынақ өткізу қажет.

III кезең – клиникалық сынақтың негізгі зерттеуі. Себебі оның нәтижесі бойынша препаратқа лицензия беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады.

Клиникалық сынақтардың уақыты көптеген факторларға, ең бастысы, әр кезеңдегі сынақтардың нәтижесіне байланысты. Негізі, жасалып жатқан барлық вакциналар ұзақ мерзімді бақылауды талап етеді. Бұған дейін айтқан ДДҰ-ның нұсқаулығы бойынша, әр клиникалық сынақтан кейін 6 айдан бастап 1 жылға дейін бақылау жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл ретте ұзақ мерзімді бақылау жұмыстары зерттеліп жатқан барлық популяция үшін немесе нақты бір кішкентай топ үшін жүргізілуі мүмкін.

Алайда барлығы таңдалған өлшеу нәтижесіне (мысалы, иммуногендік немесе қауіпсіздік), вакцинация стратегиясына, вакцинаның жаңашылдығына және/немесе оның түріне байланысты. Негізгі (күтіліп отырған – Авт.) мәселе қауіпсіздік болған жағдайда әр кезеңнің уақыты әртүрлі болуы мүмкін және оларды әр нақты жағдайда жеке қарастыру керек.

Фактчек | Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы Ресей дәрігерлері қауымдастығының отырысы

Мысалы қазір Оксфордта клиникалық сынақтың 3-кезеңі басталғанын көріп отырмыз (вакцинаны жасау 11 қаңтарда басталған еді). Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып, вакцина жасаушылар сынақ мерзімін айтарлықтай қысқартып, клиникалық сынақтың 1-кезеңіне коронавирус геномын толық зерттеп болғаннан кейін, яғни 4 айдан соң кірісті. Сынақтар проблематикасы мен вакцина жасаушылардың өзі мойындап отырған қауіп-қатерлері туралы BBC-дің материалынан оқуға болады.

ДДҰ-ның қазіргі басшысы Тедрос Гебреисус ешқашан практик дәрігер болып жұмыс істемеген.

Дәрігер-психолог, Светлана Бояринцева

Үкім: Шындық және Манипуляция

Тедрос Гебреисусалған білімі бойынша биолог, сонымен қатар «Жұқпалы аурулардың иммунологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған (MS, Лондон университеті). Осыған қоса оның қоғамдық денсаулық сақтау саласында PhD дәрежесі бар.

Шынын айтқанда, Тедрос Гебреисусқа ДДҰ-ның бас директоры болуы үшін дәрігерлік практиканың қажеті де жоқ еді. Ал оның мамандығы, жұмыс тәжірибесі мен саяси қызметі атқарып отырған лауазымына қайшы келмейді. Анықтама үшін айта кетейік, Гебреисусқа дейін басшы болған Маргарет Чан дәрігер дипломын алғаннан кейін бірден Гонконгтың Денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа тұрды.

Гебреисус Эфиопияда Денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезде ДДҰ-дан тырысқақ ауруы туралы ақпаратты 3 рет жасырды. Соның салдарынан жүздеген мың адам қайтыс болды.

Светлана Бояринцева

Үкім: Манипуляция және жалған

Гебреисусқа мұндай жаланы оның бейресми кеңесшісі Давид Наббаро жапқан болатын (ол Гебреисуспен 2017 жылы ДДҰ-ның бас директоры лауазымына таласқан). Барлық айыптаулар сол кезеңде жоққа шығарылды.

Гебреисус Эфиопияда Денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезде ДДҰ-ға тырысқақ ауруы туралы деректерді диарея (іш өту) деп хабарлап отырған. Бұл туралы Томас Р. Фриден (ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) директоры) New York Times газетіне айтып берді. Фриденнің айтуынша, бұл ең дұрыс шешім емес еді, алайда көптеген ел, соның ішінде Эфиопия да аурудың өршуіне байланысты осылай жауап беріп отырған. Себебі бұл еш зертханалық растаусыз ауру туралы хабар таратуға мүмкіндік береді. Дегенмен Америка медицина қауымдастығы жариялаған тергеу жұмыстарының нәтижесінде ел билігі 2006 жылы Эфиопияның Оромия аймағында өршіген тырысқақ ауруына байланысты сынға ұшырады. «Аймақта өршіп кеткен тырысқақ ауруы бар екенін мойындамаудың салдарынан жағдай қиындап кетті. Біріншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетпен күресу үшін жауапкершілікті өз мойнына ала алмады, себебі ол үшін мемлекет аурудың басталғаны туралы жариялап, көмек сұрап, өтініш жасауы керек еді… », делінген құжатта. Сонымен қатар тергеу жұмысына сәйкес, 48 адам қайтыс болған және 19 мың адамда диарея (қатты іш өту) ауруы тіркелген. Сондай-ақ бұл аймақта ауырған адамдарды есепке алу тұрғысынан көптеген қиындықтар болғаны туралы айтылды.

Ашық дереккөздердің ақпараты бойынша, Гибреисус өзінің саяси қызметін террористік ұйымда бастаған

«А если честно» АА (Яндекс-дзендегі екпеге қарсы адамдар мен ковид-диссиденттерінің арнасы), жоғарыда аталған кездесудің нәтижесі бойынша жазылған мақаладан үзінді.

Үкім: Жалған

Гебреисус Тыграйды (Эфиопияның бір аймағы) азат етудің халық фронты партиясының мүшесі екені белгілі. Бұл кезінде марксист Менгисту Хайле Мариамның билігіне қарсы шыққан, студенттерден құралған көтерілісшілердің қозғалысы еді (70-80 жж.). Ал қазір (1991 жылдан бастап) бұл партия билеуші коалиция құрамына кіреді. Осы ретте Гебреисустың Эфиопиядағы азамат соғысына қатысқаны туралы еш жерде айтылмайды.

Беларусь коронавирусқа тесттерді ресейлік «Вектор» ЖШҚ компаниясынан сатып алды. Шекарада Беларусь Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті барлық тесттерді тексеріп көреді де (екпеге қарсы адамдардың басқа нұсқасы бойынша әр үшінші тест тексерілген – Авт.) олардың барлығы коронавируспен жұқтырылғанын анықтайды. Осыдан кейін Лукашенко Ресейден сатып алмақ болған бұл тесттерден бас тартты.

Светлана Бояринцева

Үкім: Жалған

Шынында да сәуір айында Беларусь Ресейден 30 мың тест сатып аламыз деп, кейін бас тартады. Ел билігінің айтуынша, Беларусь бұл тесттерді өзі де жасап шығара алады, сондай-ақ оларға басқа елдерден 50 мың тест келді.

Осыған қоса, Беларусь азаматтары Коммунаркадағы жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Денис Проценконың сөзіне құлақ асқан. Оның сөзінше, ресейлік тесттер коронавирусты 60%-дық ықтималдылықпен анықтайды. Жалпы Проценко тесттердің тиімділігі 70-80% деп айтқан. Бұл мәліметтің ресейлік тесттерге қатысты бар-жоғы белгісіз.

Кезінде профессор, акушер-гинеколог Аманжолова тәжірибе жүргізген. Оның нәтижесінде БЦЖ, АКДС және АС-пен вакциналанған қояннан әлсіз, өміршең емес, агрессивті көжектер туған… Бесінші ұрпақтағы төлі 2-5 ай ішінде қайтыс болып отырған, яғни тұқым бесінші ұрпақта мүлдем жойылып кеткен.

Гомеопат Дина Бакина

Үкім: Манипуляция

Енді мына қызықты қараңыз, біз сөз қылып отырған вакцинацияға қарсы іс-шара аясында әңгіме қояндар туралы емес, егеуқұйрықтар туралы өрбіген. «Олар төртінші ұрпақта өле бастады… ешқандай вакцина алмаған егеуқұйрықтар сол баяғыша көбейе берген, олар табиғи жолмен өліп отырған». Жалпы вакцинацияға қарсы қозғалыс мүшелері профессор Раиса Садыққызы Аманжолованының (1918-2014) қояндармен жасаған тәжірибесін жиі еске алады. Екпеге қарсы үгіт-насихатта бұл «Бесінші ұрпақ өлімі» деген атпен белгілі. Негізі, бұл профессор жайында және оның көзқарастары туралы қазақстандық баспасөзде көп жазылған. Қазір де жазылып жатыр.

Сондықтан да бұл тақырыпты жабық күйінде қалдырмаймыз және қояндарға қатысты үкім шығаруға асықпаймыз. Біз қазір Аманжолованың осыған қатысты барлық еңбектерін мұқият зерттеп жатырмыз, сол жұмыс аяқталғаннан кейін жеке материал ұсынатын боламыз.

Алайда бұл мәлімдеме манипуляцияға ұшырады деп нақты айтуға болады. Себебі адам үшін жасалған вакцина мен қоян ағзасының әсерін салыстыру – дұрыс емес.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - XFsjE_fVuWDeoRSsEThBj_kFhKTxTcRUQ6zEnBC-As7I46TmQ68KVfAP6N58FbP63T52K81GsywQEtrj8H3WJea4Zidv5xIo_6H95Ix7MR2aJa1s0WAvPD1UyW7AmRTayZUKgZay

Бұл іске жануарларды араластырмай-ақ қояйық, бірақ жағдай сонда басқаша (сондықтан да біз бұл мәлімдеменің манипуляцияға ұшырағанын айтып отырмыз). Мысалы вакцинация дәуірі 250 жыл бұрын басталды, дифтерияға қарсы вакцина 120 жыл, ал БЦЖ вакцинасы 99 жыл бұрын пайда болды. Бірқатар елде балаларды белсенді вакцинациялау 1 ғасырдан астам уақыт бойы, ал жаппай вакцинация дүниежүзінде 70 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Яғни, кем дегенде, үшінші-төртінші немесе тіпті бесінші ұрпақ вакцинациядан өтіп, аман-сау келеді (егер әр ұрпақты 20 жылдық кезеңмен санайтын болсақ).

https://data.worldbank.org/share/widget?indicators=SP.DYN.LE00.IN&locations=KZ-1W

Осыған қоса дүниежүзі бойынша адамдардың өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Мұны, әсіресе, табысы жоғары елдерден байқауға болады. Жалпы жер шарындағы халық саны да артуда. Адамдардың өмір сүру жасы мен денсаулығына қарай отырып, оларды вакцинациядан өткен қояндармен салыстыр қисынсыз екенін байқаймыз.

Еуропада вакцинация мәжбүрлене бастады: екпе алмасаң – саған жұмыс та жоқ, саяхаттап, көшіп-қонуға да рұқсат бермейді. Яғни күн көруге ақшаң болмайды, өмір сүрудің өзі қиындайды.

Ресей дәрігерлері қауымдастығының мәжбүрлі вакцинацияға қарсы отырысынан кейін тараған ақпараттық хабарламадан үзінді

Үкім: Жалған

Біз бұған дейін Еуропаның әр елінде вакцинацияға қатысты әртүрлі шара қолданылатыны туралы жазған едік. Кей елдерде ол міндетті (бірақ МӘЖБҮРЛІ ЕМЕС!), ал кейбірінде екпе жасату тек ұсыныс ретінде айтылады. Ұсыныс айтып, кеңес беру жолын абсолютті қамтылған елдер таңдайды. Вакцинацияны міндеттейтін елдерде адамдарға әлеуметтік және әкімшілік тетіктер арқылы ықпал ету қарастырылған. Мысалы, Францияда вакцинациядан бас тарқан адам мектеп пен медициналық орталықтарға кіре алмауы мүмкін. Басқа «қорқынышты» шаралар туралы сөз жоқ.

Енді спикерлер мен іс-шара өткен алаңға жеке тоқталсақ

Біз жоғарыда талдап шыққан іс-шарада қызықты заттар өте көп: қатысушылар, олардың көздеген мақсаты, «Ресей дәрігерлері қауымдастығының мәжбүрлі вакцинацияға қарсы отырысы» деген атауы, чаттар арқылы тараған көптеген хабарлама, әлеуметтік желі мен блог-платформаларда жазылған посттар. Бұл жиын бір жерде «Дүниежүзі дәрігерлері қауымдастығының мәжбүрлі вакцинацияға қарсы отырысы» деп, тағы бір жерде «Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы дәрігерлердің халықаралық комитеті» деп сипатталады. YouTube-тағы арна мен Яндекс-Дзендегі «А если честно» деген атаудың өзі «көпті аңғартады».

Тағы да құтқару комитеті

Бірден айта кетейік, Ресей дәрігерлері қауымдастығының «Ресейді қайта жаңғыртудың жалпы халықтық одағы» қозғалысына, нақты айтсақ оның Әлеуметтік саясат және денсаулық жөніндегі комитетіне қатысы бар екені бірден анықталды. Бұған дәлел – екеуіне ортақ [email protected] электрондық поштасы. Жалпы бұл қозғалыстың саяси ұраны мынандай: Back in the USSR, яғни КСРО-ға қайта оралу (сонда олар жаппай вакцинацияны КСРО, керісінше, барынша қолдап, қолданғанын білмей ме?). Қауымдастықтың сайты коронавирус, вакцинация және 5G туралы конспирологиялық теорияларға толып тұр.

Біз талдап отырған онлайн-отырыстың қатысушысы әрі бастамашысы –Игорь Алексеевич Гундаров. Сол жердегі мәліметке сәйкес, эпидемиология және медициналық статистика саласының маманы, философия ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор, РЖҒА академигі. Мақалалары Ресейді қайта жаңғырту одағының сайтына жарияланып тұрады.

Біз бұған дейін РЖҒА сияқты академиялар туралы да, РЖҒА-ның өзі туралы жазған едік. Негізі бұл ғылыми мекеме де емес, дәлірек айтсақ, бұл – «Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясы» атты Жалпыресейлік қоғамдық ұйым.

Бұл мекеменің Ресей Ғылым Академиясына еш қатысы жоқ. Ресей Ғылым Академиясының (РҒА) құрылтайшысы және меншік иесі – Ресей Федерациясы. Ал РЖҒА келсек, ол өзі көптеген заңды тұлғалардың құрылтайшысы. Олардың арасында жұмыс істейтіні бар, жабылып қалғаны да бар. Мысалы «Бөтелкедегі сулардың ұлттық қауымдастығы» Ұлттық компаниясы.

Гундаровқа келетін болсақ, ол И. М. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясының Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару ҒЗИ-ының бас ғылыми қызметкері. Жалпы ол өте қызықты тұлға, сондай-ақ бірқатар ерекше мақаланың авторы. Мысалы – «Рухани бақытсыздық пен демографиялық апат».

Стефано Монтанари

Вакцинациямен баяғыдан күресіп келе жатқан италиялық азамат (өзінің «Нанодиагностика» деген зертханасын басқарады). Ол екпенің салдарынан аутизм пайда болады деген теориянының жақтаушысы. Осы үшін полициямен де теке-тіресі болған. Ал пандемия кезінде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін оған италиялық ғылыми қауымдастықтан арыз-шағым түскен. Ол айтқан барлық жалған мәліметті біздің VoxUkraine сайтындағы әріптестеріміз талдап, жоққа шығарды. 

Евгений Божьев

Онлайн-жиын барысында ол бұрын әскери дәрігер болғанын айтып өтті. Ал қазір, шамасы, дәстүрлі емес медицинамен айналысып жүр. Оның YouTube-та «Доктор Божьев. Өзіңді емде» деген арнасы да бар.

Светлана Бояринцева

Кезінде «Биоқару – екпе» деген кітап шығарған. Спикердің дәрігер және психолог екені айтылады, алайда деректер базасынан оның медицина саласы бойынша жазған қандай да бір ғылыми жұмысы табылмады.

Ирина Ермакова

Біз ол туралы «COVID-19-дың құрамында «Синтия» атты синтетикалық бактериялардың бөлшегі бар» деген фейктің авторы ретінде кең тарқатып жазған едік. Ирина Ермакова – биология ғылымдары докторы және «Ресейлік ГМО-ға қарсы қозғалыстың басты белсендісі». 2010 жылы Ресей ғылым академиясының Жоғары жүйке қызметі және нейрофизиология институтынан кеткеннен кейін ол ешқандай ғылыми мекемеде жұмыс істемеген және қазір де жұмыс істемейді. Ермакованың рецензияланатын журналдарда еш мақаласы жоқ: ал оның зерттеу жұмыстары тіпті минималды сапа стандарттарына сәйкес келмейді.

Ольга Баранец

Ол «Отбасын қорғау жөніндегі қоғамдық уәкіл» Қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде аталады. Бұл өзі ерекше ұйым, сайтында мынандай ақпарат тұр:

«Құрметті ата-аналар! Сіз біздің «Халық заңгері» жобасының парақшасында тұрсыз. Жоба аясында біздің заңгер балалар мәселесіне қатысты 4 негізгі бағыт бойынша сұрақтарға жауап беріп, тегін көмек көрсетеді. Олар: ювеналды әділет мәселелері, вакцинопрофилактика мәселелері, цифрландыру мәселелері және білім беру бағдарламаларындағы кері мазмұнды және т.б. мәселелер».

Дина Бакина

Бұл іс-шараға Қазақстан атынан қатысқан жалғыз адам. Гомеопат. Мұнда ештеңенің алып-қосудың керегі де жоқ шығар, себебі оның сайтын бір қарап шықса да жеткілікті. Айтпақшы, біз Дина Бакинаның да айтқан мәлімдемелеріне қатысты жеке материал жариялаған едік.

«Отырыстың» қалған қатысушылары, ресейлік не шетелдік болсын, дәстүрлі емес емдеумен айналысатын дәрігерлер, белсенді антиваксерлер, медицинаның даулы және мойындалмаған бағыттарын ұстанатындар, тіпті, Серж Радер есімді бұрын фармацтикамен айналысқан бір француз азаматы бар. Біз әзірге ол туралы нақты ақпарат таба алмадық.

Қорытынды

  • Іс-шараға қатысушылар айтқан мәлімдемелердің көбі жалған немесе ақпарат манипуляцияға ұшыраған. Өкінішке қарай (не бақытымызға орай) біз бірде-бір шынайы ақпарат кездестірмедік.
  • Қатысушылардың өздері медицинадағы даулы немесе мойындалмаған әдіс-тәсілдер мен көзқарастарды жақтап, оларды насихаттауға мүдделі, олар түрлі теорияларды жақтайды, ғылымға еш қатысы жоқ мекемелердің мүшесі (РЖҒА сияқты жалған академияның). Сондай-ақ олар вакцинация, ювеналды саясат пен тәрбие мәселелері бойынша қарама-қайшы көзқарас ұстанатын күмәнді қоғамдық ұйымдардың мүшесі.
  • Спикерлер айтқан мәлімдемелердің көбі вакцинацияға қарсы үгіт-насихат сарынында және олар өз сөзінде нақты ешқандай факт келтірмейді. Былайша айтқанда, бұл тек олардың қиялы ғана. Ал бұл өз кезегінде көрермендер арасында ақпаратты дұрыс қабылдауға кедергі болып, негізсіз қорқыныш тудырады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz