СNN: Facebook пен Twitter АҚШ-тағы губернаторлық сайлауда жалған ақпаратпен күресті

Facebook және Twitter әлеуметтік желілері АҚШ-тың үш штатында өткен губернаторлық сайлау кезінде дезинформациямен күресу әдістерін тексеріп көрді. Бұл туралы CNN хабарлады.

Сайлауға заңсыз түрде араласуды алдын алу мақсатында әлеуметтік желі үш штатта ондаған хабарламаны өшіріп тастаған. Дегенмен өшірілген хабарламалар сайлауға заңсыз түрде араласты деп айтуға негіз жоқ. Себебі. хабарламалардың барлығы әзіл үшін жазылған.

Мысалы, фейсбук қолданушыларының бірі “жаңбырдың кесірінен сайлауда дауыс беру ертеңге қалдырылады” деп жазған.

Facebook Вице-президентінің айтуынша компания соңғы жылдары әлеуметтік желілер арқылы сайлауға араласуды алдын алу бойынша әдістемені айтарлықтай жетілдірді. Бұған дейін Facebook және Twitter басшылығы жалған ақпаратты таратуға қарсы әрекет жасамағаны үшін АҚШ билігі мен америкалық қоғам өкілдері тарапынан қатаң сынға алынған еді.

Factcheck.kz