Ресей тұрғынына 5G туралы фейк ақпарат таратқаны үшін айыппұл салынды

Ресей тұрғынына әлеуметтік желіде ұялы мұнара құрылғыларының қауіпі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Чукотск автономиялық округінің прокуратурасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

Чукотка автономиялық округінің прокуратурасы интернет желісіне мониторинг жүргізу барысында Анадыр ауданы тұрғынының ұялы байланыс құрылғыларының қауіпі туралы фейк ақпарат таратқанын анықтаған.

Прокуратураның хабарлауынша, ер адам 5G мұнараларының жұмысы денсаулыққа зиян екенін жазған. Сот шешімі бойынша, фейк ақпарат жариялаған азамат 15 мың рубль (шамамен 85 500 теңге) айыппұл төлейді.

Контекст

Бұған дейін 5G желісінің коронавируспен байланысы бар деген фейк ақпарат таралған еді. Сонымен қатар, Римде 5G салдарынан құстар қырылып жатқаны жайлы фейк ақпарат жарияланған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz