Фейк | Римде 5G салдарына құстар қырылып жатыр

Қазақстандық және Украиналық интернет кеңістікте “Рим қаласындағы өлген құстардың 5G желісіне қатысы бар” деген сарында ақпарат тарауда. Бұндай ақпарат әсіресе жаңа жылдан кейін тарағандықтан көбі жаңа жылдық “отшашумен” байланыстырып жатыр. Шынымен не болды? Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Фейк | Римде 5G салдарына құстар қырылып жатыр
Скрин: Facebook.com

Үкім: Фейк әрі манипуляция…

Суреттегі құстар расымен Рим қаласында түсірілген, дегенмен 5G-ға ешқандай қатысы жоқ. Diego Fenicchia есімді Facebook қолданушысы 1 қаңтарда құстардың қала көшесінде қырылып жатқандығы туралы видео мен сурет жариялаған. Бұл туралы біздің әріптестеріміз Stopfake.org сайты да жазды

Артынша дәл сол күні Diego Fenicchia бұл құстардың өліміне 5G желісінің қатысы бар дегендерге жауап қатты:

Кешіріңіздер, маған түсірген фотосуреттер мен бейнелердің түпнұсқалығына байланысты күмәнданатын хабарламалар келіп жатыр. Өкінішке қарай, суреттер шынымен түсірілген, мен ол кезде сол жерде болғанымды қаламадым, әуел баста көшеде не болып жатқанын түсінбедім. Қазіргі уақытта бұл құстардың өліміне 5G желісінің кінәсі бар деген қауесеттер шығып жатыр, мен ғалым емеспін, құстардың өлген кезінде де болған жоқпын, бірақ мен өлген құстарды Римнің басқа көшелерінен де көрдім деп айта аламын

Халықаралық жануарларды қорғау ұйымының (OIPA) италиядағы бөлімшесі құстардың өліміне жыл сайынғы жаңа жылдық отшашудың әсері бар екенін жеткізді.

Жыл сайын біз бір нәрсені қайталаймыз: отшашулар мен жарылғыш заттар сатуға тыйым салып, компанияларды қайта құру керек. Тыйым салу пайдасыз, іс жүзінде бақылау жоқтың қасы. Адамдардың немқұрайлығының әрі отшашуды дұрыс пайдаланбауының салдарынан біз жыл сайын жабайы аңдар мен үй жануарларының арасында жүздеген өлтірілген, адасқан және жараланған жануарлардың көпшілігін тіркейміз.

Массимо Компаротто, OIPA- ның президенті

Сонымен қатар, 2021 жыл басталғалы бері Римде ешқандай да 5G желісінің сынақтары жүргізілмеген. Ал, 5G технологиясы Италияның астанасында 2019 жылдың маусым-шілде айларында іске қосылған. RCR Wireless News мамандандырылған басылымының хабарлауынша, 2019 жылдың жазында 5G технологиясы Италияның бірқатар қалаларында – Римде, Миланда, Болоньяда, Туринде және Неапольде жұмысын жасай бастады.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz